Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі Одақ тауарларына және үшінші елдердің тауарларына қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) өндіріп алу кезінде тең жағдайлар жасауды мақұлдады

ЕЭК Кеңесі Одақ тауарларына және үшінші елдердің тауарларына қатысты қосылған құн салығын (ҚҚС) өндіріп алу кезінде тең жағдайлар жасауды мақұлдады

IMG_3698.jpg
21.02.2020

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Ресей Федерациясының еркін экономикалық аймақтарына (ЕЭА) импортталған Одақ тауарларына қатысты ҚҚС төлеу мүмкіндігін көздейтін өзгерістер енгізуді мақұлдады. Бұл ретте ҚҚС төлеу бойынша кейінге қалдыру күнтізбелік 180 күнге беріледі.

ЕЭА аумағына әкелінген Одақ тауарын күнтізбелік 180 күнге дейін өткізген жағдайда ҚҚС төленбейді. Мұндай тауар көрсетілген мерзімге дейін өткізілмеген жағдайда ол есепке алынған күннен бастап күнтізбелік 180 күн аяқталатын айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей ҚҚС 20% ставка бойынша төленеді