Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістер әзірлеуді тапсырды

ЕЭК Кеңесі «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістер әзірлеуді тапсырды

IMG01282-2.jpg
21.02.2020

«Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке сою өнімдері мен ет өнімдерін таңбалауда тағамдық құндылықты көрсету бойынша талаптарды енгізу көзделеді. Осы өзгерістердің жауапты әзірлеушісі болып Ресей тарапы айқындалды, ал мемлекетішілік келісуді аяқтау 2021 жылдың екінші тоқсанына белгіленді.

Өзгертулердің екінші блогы техрегламенттің ұғымдық аппаратын нақтылауға қатысты болады. Өзгерістердің бұл бөлігін Қазақстан әзірлейді. Бұл бөліктегі мемлекетішілік келісу 2022 жылғы 2 тоқсанда аяқталады деп бағамдалуда.

Аталған өзгерістерге техникалық регламентті қолдану тәжірибесі ескеріле отырып бастамашылық жасалды және оларды ЕАЭО-ның барлық елі қолдады.​