Жүйеге кіру
Өрнектеу үшін қолданылатын фольгаға арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы 2022 жылғы 31 тамызға дейін сақталады

Өрнектеу үшін қолданылатын фольгаға арналған кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасы 2022 жылғы 31 тамызға дейін сақталады

IMG01282-2.jpg
21.02.2020

 

Шараны ұзарту жөніндегі шешім 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады. Бұрын бұл шара 2016 жылғы 4 наурыздан бастап 2019 жылғы 31 тамызға дейін қолданылған болатын. Осы уақыт ішінде тауар импортының көлемі артты, ал фольганы пайдаланатын дайын баспа өнімдерінің импорты қысқарды.

Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақта өрнектеуге арналған фольга өндірісі жоқ. Одақтың полиграфиялық кәсіпорындары оны үшінші елдерден импорттайды.

Өрнектеуге арналған фольга бедерлі бейненің бояулы (металданған) үстіңгі бетіне жағу үшін қолданылады. Фольгамен өрнектеу кәдесый өнімдерін, этикеткаларды, мұқабаларды, кітаптарды, ашық хаттарды әзірлеу үшін де, сол сияқты құжаттарды, мысалы, бланкілерді, дипломдарды, сертификаттарды қорғау үшін де қолданылады. Материал полиграфиялық өндірістегі ең қымбат материалдардың бірі болып табылады және баспа өнімдерінің өзіндік құнының 30%-ына дейін алады.

Мәселе бойынша шешімді бұрын ЕЭК Алқасы қабылдады, ЕЭК Кеңесінің отырысында шешімнің күшіне енуіне мүмкіндік беретін қажетті түзетулер қабылданды.​