Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық форум 19 мамырда Минскіде өтеді

Еуразиялық экономикалық форум 19 мамырда Минскіде өтеді

21.02.2020

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ) туралы ережені бекітті.

Форум ЕАЭО елдерінің, сол сияқты үшінші елдердің де шағын, орта және ірі бизнесіне бағдарланған. Оның мақсаты - Одақ мемлекеттерінің инвестициялық және инновациялық әлеуетін біріктіру, Одақ елдерінің бизнесі арасындағы кооперациялық байланыстарды қалыптастыру, сондай-ақ ЕАЭО-ның экспорттық әлеуетін іске асырудың жолдарын табу.

«Форумды жыл сайын ЖЕЭК, ЕҮАК және ЕЭК Кеңесінде төрағалық ететін мүше мемлекетте өткізу ұсынылып отыр. Форумға мемлекет басшыларының қатыса алуы үшін оны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына орайластырып өткізу ұсынылады»,- деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы Михаил Мясникович.

ЕЭФ-ке мемлекеттік билік органдарының өкілдері, сондай-ақ үшінші елдер үкіметтерінің басшылары мен мүшелері, халықаралық, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысады деп бағамдалуда.

Бұдан бұрын «Еуразиялық апта» халықаралық көрме форумы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімімен Еуразиялық экономикалық форум болып қайта құрылды.