Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының жобасымен жұмыс аяқталып келеді

 Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарының жобасымен жұмыс аяқталып келеді

IMG01282-2.jpg
21.02.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасының тағы бірнеше позициясын келісті. Талқылау 21 ақпанда ЕЭК штаб-пәтерінде өтті.

Атап айтқанда, арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласындағы, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шаралар саласындағы тұжырымдамалар, сондай-ақ ЕАЭО-ның экономикалық дамуына жәрдемдесу механизмдерін қалыптастыру бойынша тұжырымдамалық тәсілдемелер келісілді.

Стратегияда қатталған шаралар мен механизмдерді талқылаудан басқа, ЕЭК Кеңесінің мүшелері құжаттың мәтіндік бөлігі бойынша шоғырландырылған тәсілдемелерді түұжырымдады.

Құжат бойынша жұмысты Еуразиялық үкіметаралық кеңестің тапсырмасына сәйкес Комиссия тараптармен бірлесіп жүргізеді. Пысықталған жоба осы жылғы сәуірде Одақ елдерінің үкімет басшыларының қарауына және бекітуіне шығарылатын болады.​