Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің кездесуі

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевтің кездесуі

21.02.2020

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 21 ақпанда Мәскеуде Комиссияның штаб-пәтерінде ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевпен кездесу өткізді.

Тараптар ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын дайындау мәселелерін талқылады.

Ынтымақтастық бағыттарының тізбесін кеңейту және мемлекеттердің экономикасын дамытудағы күш-жігерді шоғырландыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.​