Жүйеге кіру
Контейнерлік тасымалдар COVID-19 пандемиясына қарамастан өсе түсуде

Контейнерлік тасымалдар COVID-19 пандемиясына қарамастан өсе түсуде

Транспортная неделя-2020-Кайкиев-20_11_2020.jpeg
20.11.2020

Транзиттік сервистердің арқасында биылғы 3 тоқсанда Қытай — Еуропа — Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдар көлемінің өсуі 60%-дан асты. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев «Көлік аптасы — 2020» шеңберіндегі «Цифрлық көлік дәліздері» жалпы пікірсайысында сөйлеген сөзінде айтты.

 

«COVID-19-дың таралуы экономиканың көптеген түйінді секторларындағы жағдаятты өзгертіп, жаһандық жеткізілім тізбегінің бұзылуына және тауар нарықтарындағы құбылмалылықтың жоғарылауына әкелді», — деп атап өтті Эмиль Кайкиев.

 

Көлік те осы факторлардың әсерін бастан өткерді, бұл оның қызметінің негізгі көрсеткіштерінің төмендеуінен көрінді.

 

Осыған қарамастан, транзиттік темір жол тасымалдары сегментінде айтарлықтай өсім байқалып отыр, бұл көліктің осы түрінің жоғары интеграциялық әлеуетін көрсетеді, деп санайды ЕЭК министрі.

 

Бұдан басқа, пандемия кезеңінде теміржол көлігінің артықшылықтары одан да айқын көрінді, бұл ЕАЭО елдерінің аумағы арқылы контейнерлік пойыздармен жеткізудің тұрақтылығы мен сенімділігінен көрінеді.

 

«Тасымалдау қызметін көліктегі үдерістерді цифрландыру, көлік қызметтерін көрсету нарығын ақпараттық қамтамасыз ету бөлігінде қолдау шараларымен нығайта отырып, бірлескен күш-жігермен оң серпіннің сақталуын қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік пен төтенше жағдаяттар кезінде тауарлар қозғалысы мен халықтың жүріп-тұруы үшін «жасыл дәліздер» қалыптастыру есебінен қамтамасыз ету қажет», — деді Эмиль Кайкиев.

 

Анықтама

 

«Көлік аптасы» — Ресей Федерациясы Үкіметінің өкіміне сәйкес өткізілетін және көлік мәселенамасы бойынша жалпыресейлік және халықаралық іс-шаралар сериясын кірістіретін жыл сайынғы іскерлік оқиғасы. Ресей Көлік министрлігі неғұрлым өзекті көлік мәселелерін ашық талқылау және мемлекеттік билік органдары мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара түсіністікті нығайту үшін он төрт жылдан бері өткізіп келеді.​