Жүйеге кіру
Көлік саясатын іске асыру ЕАЭО-дағы интеграцияға оң ықпал етеді

Көлік саясатын іске асыру ЕАЭО-дағы интеграцияға оң ықпал етеді

20.11.2020

 Одақ мемлекеттерінің бейінді министрліктері басшыларының кеңесі 19 қарашада Еуразиялық «бестік» елдерінің үйлестірілген (келісілген) көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыруды талқылады. Саммит «Көлік аптасы — 2020» халықаралық форумы шеңберінде бейнеконференция режімінде өтті.

 

2020 жылы Кеңесті басқаратын Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Алексей Авраменко Кеңес мүшелерінің шешімі көлік саласындағы инетеграциялық үдерістерді тереңдетуге ықпал ететін болады, деп атап өтті.

 

Отырыста Негізгі бағыттарды іске асыру жөніндегі «жол картасының» 2018-2020 жылдар кезеңі ішінде орындалуы туралы ізеуірттелген есеп, сондай-ақ 2021-2023 жылдарға арналған «жол картасын» дайындау барысы туралы ақпарат қаралды. Бұл жұмысты ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев ұсынды.

 

ЕЭК министрі есептің өзектілендірілетінін: бірқатар шаралар осы жылдың аяғына дейін аяқталу сатысында екенін атап өтті. Осыдан кейін құжатты алдағы үш жылға арналған жаңа «жол картасының» жобасымен бір мезгілде Комиссия Алқасының, Кеңесінің және Үкіметаралық кеңестің қарауына енгізу жоспарлануда.

 

Бұдан бұрын көлік саясатын іске асырудың инфрақұрылымдық дамуға және көлік қызметін цифрландыруға байланысты жекелеген аспектілерін Эмиль Кайкиев «Көлік аптасы — 2020» форумының «Цифрлық көлік дәліздері» жалпы сессиясында ұсынған болатын.

 

Кеңес отырысында Еуразиялық көлік дәліздерінің тізбесіне кірістіру жоспарланып отырған маршруттар мен автомобиль жолдарының тізбесі де мақұлданды, теміржол көлігімен тасымалдау және әуе кемелерін пайдалану кезіндегі ақпарат алмасу, мүше мемлекеттер арасында пандемия жағдайына орай тоқтап қалған көліктің алуан түрлерімен жолаушы қатынастарын қайтадан бастау мәселелері бойынша шешімдер қабылданды.

 

Отырысқа Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Сурен Папикян, Беларусь Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі Алексей Авраменко, Қырғыз Республикасының Көлік және жолдар министрі Бакыт Бердалиев, Ресей Федерациясы Көлік министрінің міндетін атқарушы Александр Нерадько, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Руслан Бәймішев қатысты.

 

Кеңестің бесінші отырысы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.