Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Дмитрий Мезенцевті Одақтық мемлекеттің мемлекеттік хатшысы болып тағайындалуымен құттықтады

Михаил Мясникович Дмитрий Мезенцевті Одақтық мемлекеттің мемлекеттік хатшысы болып тағайындалуымен құттықтады

20.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Дмитрий Мезенцевті Одақтық мемлекеттің мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

«Сіздің бай кәсіби тәжірибеңіз бен ең биік тұлғалық қасиеттеріңіз алдағы уақытта да Ресей мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете береді деп сенемін», — делінген құттықтау хатта.

Михаил Мясникович Дмитрий Мезенцевке мықты денсаулық, сау-саламаттық, халықаралық қызметінде табысқа жете беруді тіледі.​