Жүйеге кіру
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар назарына!

Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар назарына!

3331_ЕЭК_Инфографика Декларация_30.12.2020_2.jpg
30.12.2020

Тауарларға арналған декларацияны толтырудың жаңартылған тәртібі күшіне енеді.

 

Еуразиялық экономикалық комиссия 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы «Тауарларға арналған декларацияның нысаны және оны толтыру тәртібі туралы» № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібінің бірқатар ережесі өзгергенін еске салады.

 

Басты жаңа енгізілім - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауар әкелген кезде бір мезгілде кедендік декларацияда тауарлардың артықшылықты емес шығарылуын да, сол сияқты артықшылықты шығарылуын да көрсету мүмкіндігін алуы.

 

Бұл үшін декларацияда бұрын толтырылмаған 34-графаның «Шығарылған елдің коды» «b» кіші бөлімі іске қосылатын болады.

 

Мысалы, егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке Одақтың еркін сауда туралы келісімі қолданылатын және тарифтік артықшылық алуға үмітті елден әкелінетін болса, онда кедендік декларацияны толтыру кезінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушы әкелінетін тауардың артықшылықты емес (34-графаның «а» кіші бөлімі) шығарылуы туралы да, сол сияқты артықшылықты шығарылуы (34-графаның «b» кіші бөлімі) туралы да бір мезгілде мәлімдеуге тиіс болады.

 

Еске сала өтсек, өзгерістерді ЕЭК Алқасы 2019 жылы шілдеде қабылдады. Олар одақтық тауарлардың шығарылуын айқындау қағидаларында белгіленген ерекшеліктерге қатысты тауардың шығарылуы туралы мәліметтерді тауарларға арналған декларацияда көрсету тәртібін бейімдейді. Бұл ретте кедендік декларацияны толтыру тәртібі түсінікті бола түседі, ал сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларда өздері декларациялайтын тауарлардың шығарылуы туралы тәмамды мәліметтерді көрсету мүмкіндігі пайда болады.

 

Анықтама

 

Бастапқыда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі «Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізу туралы» № 126 шешімі 2020 жылғы 2 ақпаннан бастап күшіне енуге тиіс болатын. Алайда оның күшіне енуін қолдану бойынша Одақ мемлекеттерінде пайда болған келіспеушіліктерге байланысты Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 6 шешімі қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрды.​