Жүйеге кіру
ЕЭК Комиссия қызметінің бағыттары туралы жаңа «‎Цифрлар мен фактілер» жинағын шығарды

ЕЭК Комиссия қызметінің бағыттары туралы жаңа «‎Цифрлар мен фактілер» жинағын шығарды

30.12.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия әр жыл сайын ЕЭК қызметінің бағыттары туралы «‎Цифрлар мен фактілер» жинағын шығарады. Биыл да солай болды. Он кітапшада жаңартылған цифрлар мен маңызды фактілер ұсынылған.


«Цифрлар мен фактілер: «ЕАЭО бойынша статистикалық ақпарат» жинағында Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеген бес жыл ішінде қол жеткізген жетістіктер жайындағы негізгі статистикалық көрсеткіштер туралы ақпарат жинақталған. Мәселен, жұмыссыздық ЕАЭО-да 2019 жылы 4,8%, ЕАЭО ЖІӨ – 1 967,2 млрд АҚШ долл.құрады. Өнеркәсіп өндірісі – 1 265 млрд АҚШ долл., ауыл шаруашылығы өнімі – 120 млрд АҚШ долл.құрады. Бес жыл ішінде интеграциялық байланыстардың нығайғанын мына фактілер көрсетеді: 2019 жылы тауарлардың өзара саудасы өсті және 2014 жылмен салыстырғанда 14,4% құрады, осымен бір мезгілде үшінші елдермен тауарлардың сыртқы саудасы 87,4%-дан 85,6%-ға дейін қысқарды. 

 

«Цифрлар мен фактілер: «Интеграция және макроэкономика» жинағынан қозғалыс ретіндегі интеграция, ЕАЭО-ның халықаралық рейтингтердегі позициялары, Одақтың бағдарламалық құжаттары, озыңқы дамудың макроэкономикалық негіздері және көптеген басқа нәрселер туралы білуге болады. ЕАЭО-да орнықты даму мақсаттарына қалай қол жететіні және халықаралық ынтымақтастықтың дамуы жайында да ақпарат берілген. 2020 жылғы желтоқсандағы жай-күй бойынша ЕАЭО халықаралық рейтингтерде «экономиканың инклюзивтілігі» сияқты көрсеткіш жөнінен 19-орын, «бизнес жүргізуден» 29-орын, «электрондық үкіметтен» 36-орын алады.

 

ЕАЭО-да ортақ қаржы нарығының, еңбек пен қызметтер көрсетудің бірыңғай нарықтарының дамуы, зияткерлік меншікті қорғаудың жүзеге асырылуы, реттеуші әсерді бағалаудың жүргізілуі, Одақтағы медициналық және зейнетақымен қамсыздандыру туралы «Цифрлар мен фактілер: «Экономика және қаржы саясаты» жинағынан біле аласыз. ЕЭК-тің Еуразиялық даму банкімен бірлесіп COVID-19 пандемиясы жағдайында мүше мемлекеттерде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған дағдарысқа қарсы және тұрақтандыру шаралары туралы да осында айтылады.

 

Егер қандай елдермен еркін сауда туралы келісім жасасылғаны, қазір кімдермен артықшылықты сауда келісімдеріне қол қою туралы келіссөздер жүргізіліп жатқаны, ЕАЭО-да сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау жөнінде қандай жұмыс жүргізілетіні, ЕЭК-тің Одақ елдерінің коронавируспен күрес жөнінде тиімді шараларды іске асыруы үшін қандай құжаттар қабылдағаны және Комиссияның қолайсыз жағдаятты түзеу үшін тауарлардың ішкі нарығында ЕАЭО елдерінің өнім өндірушілерін қорғау жөнінде қандай шаралар қабылдағаны жайында білгіңіз келсе, жаңа «Цифрлар мен фактілер: «Сауда» жинағынан оқи аласыз.

 

«Цифрлар мен фактілер: «Техникалық реттеу және СФС шаралар» жинағынан ЕАЭО-дағы техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі - өнімнің өмірлік циклы бойында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі екенін білуге болады. Ол өзара саудада техникалық тосқауылдарды жоюға, ішкі нарықты қауіпті өнімнен қорғауға, өндірілетін тауарлардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Одақта 48 техникалық регламент қабылданды, олардың 43-і күшіне енді. ЕАЭО-ның 42 техникалық регламентіне 12 мыңнан астам позицияны кірістіретін Стандарттар тізбесі бекітілген. Қазіргі заманғы стандарттар – үшінші елдермен өзара сауданы дамытудың негізі.

 

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың ортақ нарығы бойынша нормативтік база толық қалыптастырылды. ЕАЭО-да орындау үшін міндетті СФС шаралардың шеңберінде кез келген елдің аумағына әкелінген өнімнің «таза», қауіпсіз болуы үшін құқықтық жағдайлар жасалуда.

 

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер халқының санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдар басшыларының кеңесі жұмыс істейді, ол пандемияның алғашқы күнінен бастап Одақта коронавирус инфекциясының таралуына қарсы тұру жөніндегі жұмысқа қызу кірісті.

 

Өнеркәсіп Еуразиялық экономикалық одақ ЖІӨ-нің жиынтық көлемінің 27%-ын қалыптастырады. 2015-2019 жылдары ЕАЭО-дағы ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 11% құрады. ЕАЭО өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешендерін дамытудың негізгі үрдістері туралы «Цифрлар мен фактілер: «Өнеркәсіптік блок» және «Цифрлар мен фактілер: «Агроөнеркәсіптік блок» жинақтарынан оқуға болады.

 

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу мәселелеріне арналған «Цифрлар мен фактілер - 2020» жаңа жинағынан 2019 жылы түскен өтініштер туралы ақпаратты, бәсекелестік қағидаларын бұзу белгілерін жою туралы ұсыныстарды, бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы істер мен тергеп-тексеруді табуға болады.

 

Комиссия «жұмсақ реттеудің» жаңа құралдарын – алдын ала сақтандыру мен алдын ала ескерту жасауды ендіруде. Бәсекелестікті адвокаттандыру шеңберіндегі бизнеспен жұмыс алаңы - Комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу блогының Қоғамдық қабылдауының көшпелі отырыстары жақсы жағынан көрсетті. 2019 жылы ЕАЭО елдерінің 23 қаласында отырыстар болып өтті, бұларға мүше мемлекеттердің 650-ден астам компаниясының өкілдері қатысты, олардың барысында бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу саласының проблемалық мәселелері көтерілді. Комиссия жұмыс істеп жатқан тағы бір тақырып – Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттік сатып алуға ЕАЭО-ның барлық елінің өнім берушілерінің тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

 

2019 жылы ЕАЭО бойынша көліктің барлық түрімен жүк тасымалының көлемі 11,4 млрд т (2014 жылға қарағанда + 5,6%) құрағанын, ал 2019 жылы тұтастай ЕАЭО бойынша жолаушылар тасымалының көлемі 38,5 млрд адам (2014 жылға қарағанда + 6,1%) болғанын білесіз бе? Бұл ақпаратты «Цифрлар мен фактілер: «Энергетика және инфрақұрылым» жинағынан таба аласыз. ЕЭК-тің энергетика саласындағы қызметі туралы ақпарат та сонда берілген. ЕАЭО-ның ортақ газ, мұнай және мұнай өнімдері нарықтары жұмыс істеуінің түйінді мәселелері халықаралық шарттарда регламенттелетін болады.

 

Одақтағы кедендік ақпараттық технологиялардың дамуы, кедендік инфрақұрылымда ақпараттық технологияларды қолдану, ЕАЭО шеңберінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды бірдейлендірудің бірыңғай жүйесін құру, СЭҚ реттеу жүйесінде «бірыңғай терезе» механизмін дамыту және басқалар туралы «Цифрлар мен фактілер: «Кедендік ынтымақтастық» жинағынан оқыңыздар.

 

ЕАЭО-да Одақтың цифрлық күн тәртібі іске асырылуда. Одақты цифрландыру жобалары: интеграцияланған ақпараттық жүйе, «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі, ЕАЭО-ның цифрлық көлік дәліздерінің экожүйелері туралы білгіңіз келсе, «Цифрлар мен фактілер: «Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және АКТ» жинағынан оқи аласыздар. Комиссияның тауарлардың тосқауылдарсыз еркін өткізілетін ішкі нарығының жұмыс істеуінің негіз қалаушы қағидаттарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы ақпарат та осы жерде.

 

Жинақтарды толығырақ мына сілтеме бойынша оқуға болады: http://www.eurasiancommission.org/ru/Pages/library.aspx ​​