Жүйеге кіру
ЕЭК пен Ресейдің ФКҚ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық жоспарды дайындау кезіндегі тәсілдемелерді талқылады

ЕЭК пен Ресейдің ФКҚ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі бағыттарын айқындайтын стратегиялық жоспарды дайындау кезіндегі тәсілдемелерді талқылады

551A0756_новый размер.JPG
03.09.2020

Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) келіспеушіліктерді әрі даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комитеттің кезекті отырысы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Олег Панкратов пен Ресей ФКҚ басшысының бірінші орынбасары Руслан Давыдовтың бірінші жұмыс кездесуі болып өтті. 

Тараптар ведомстволар арасындағы келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою үшін қажетті іс-шаралар тізбесін қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын дайындау кезіндегі тәсілдемелерді талқылады.

Олег Панкратов 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған қызметтің стратегиялық жоспарында кеден қызметтері үшін де, сол сияқты бизнес үшін де барлық өзекті іс-шаралар, сондай-ақ қызметтің перспективалы бағыттары қамтылатынын атап өтті.

Өз кезегінде, Руслан Давыдов стратегиялық бағыттарды қалыптастыру кезінде кедендік әкімшілік жүргізудің әлемдік таңдаулы тәжірибелерін ескеру де қажет деген пікір білдірді.

ЕЭК министрі әріптесін жұмыс барысы және Одақтағы тасымалдарды қадағалап байқау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім жобасын дайындау кезінде Комиссияда пайдаланылатын тәсілдемелер туралы хабардар етті. Тұтастай алғанда, құжат дайын, алайда тараптар сарапшыларының қалып отырған кейбір келіспеушіліктерін таяу уақытта жою жоспарлануда.

Тараптар комитеттің үстіміздегі жылғы 10 тамызда болып өткен екінші отырысының қорытындылары бойынша қабылданған тиісті шараларды іске асыру жөнінде Ресей ФКҚ мен Армения Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы оң серпінді атап өтті.

 

Тараптар атқарылған жұмыс нәтижелеріне қанағаттанғандық білдірді және Еуразиялық интеграцияның қазіргі бар мәселелерінің барлық спектрі бойынша тығыз іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.