Жүйеге кіру
ЕЭК пен АСЕАН Ынтымақтастық бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартты

ЕЭК пен АСЕАН Ынтымақтастық бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартты

28.08.2020

28 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия АСЕАН-ның экономика жөніндегі министрлерінің кездесуіне қатысты. Іс-шарада Комиссия атынан Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян өкілдік етті.

«Коронавирус инфекциясының пандемиясына қарамастан, Комиссия елдермен де, сол сияқты өңірлік бірлестіктермен де байланысудың жеткілікті деңгейіне қол жеткізіп отыр. Серпінді дамушы бірлестіктер ретінде ЕАЭО мен АСЕАН ынтымақтастықты белсенді түрде тереңдетуде және пандемия жағдайында ЕАЭО мен АСЕАН ішінде  интеграцияны тереңдетуге мүмкіндік беретін механизмдер туралы пікір алмасу жүргізіп отырғаны қуанышты»,- деп мәлімдеді Интеграцияны дамыту департаментінің директоры.

 

Гоар Барсегян қолданыстағы Ынтымақтастық бағдарламасын алдағы жылдары құжатты өзектілендіру мүмкіндігін ескере отырып, өзара іс-қимылдың икемді механизмі ретінде  2025 жылға дейін ұзартуды құптады.

 

Қауымдастықтың Бас хатшысы Лим Джок Хой 2019 жылғы желтоқсанда болып өткен «ЕАЭО мен АСЕАН-дағы өңірлік экономикалық интеграция» семинарының ұйымдар арасындағы  ынтымақтастықты жандандыруға серпім бергенін атап өте келіп, құжатты ұзартудың маңыздылығын дербес атап көрсетті.

 

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданып, сол арқылы ынтымақтастық баңдарламасы ұзартылды. Желтоқсан семинарының қорытындылары бойынша ұсынымдар да бекітілді. Оларда, атап айтқанда, болашақта ЕАЭО-АСЕАН дербес диалог механизмін құрудың өзектілігі туралы айтылады, ал ЕАЭО мен АСЕАН-ның өзара іс-қимылы Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастырудың іргетасы ретінде атап өтіледі. Бұл ЕАЭО және АСЕАН мемлекеттері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал ететіні атап көрсетіледі.

 

 

Тараптар қыркүйектің аяғында өтетін «Ресей-АСЕАН: COVID-19 жайылуына бірлескен жауап» семинары шеңберінде «ЕАЭО мен АСЕАН-ның пандемия кезеңіндегі интеграциялық дамуды қолдауға арналған бейімделуші механизмдері»  дөңгелек үстелін өткізу туралы уағдаласты.

 

АСЕАН елдерінің экономика министрлері интеграциялық бірлестіктердің бұдан арғы тиімді өзара іс-қимылына сенімді екендіктерін білдірді.

 

Анықтама:

Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (АСЕАН) – 1967 жылы құрылған экономикалық бірлестік. Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппиндер, Бруней-Даруссалам, Вьетнам, Лаос, Мьянма, Камбоджа қауымдастықтың қатысушылары болып табылады. Папуа-Жаңа Гвинея мен Шығыс Тимор байқаушы мәртебесіне ие. Бұл - жиынтық ЖІӨ 2,6 трлн.АҚШ долл.болатын, сыртқы сауда айналымы  2,5 трлн. АҚШ долл. құрайтын және халқының саны 622 млн. аса ірі өңірлік интеграциялық бірлестіктердің бірі.

 

ЕЭК пен АСЕАН арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға 2018 жылғы 14 қарашада Сингапурде қол қойылды. Құжат Еуразия құрлығы ауқымында интеграциялық блоктардың өзара іс-қимылы мәселелерінің кең спектрін талқылау жөніндегі диалог алаңын қалыптастырудың іргетасын қалайды.

 

Меморандумды іске асыру үшін 2020-2025 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасы қабылданған. Ол кедендік заңнама және құқық  қолдану практикасы, сауда саясаты, кәсіпкерлік қызмет,  техникалық және монополияға қарсы реттеу, СФС-шаралар,  энергетика, ішкі нарықтардың жұмыс істеуі сияқты және басқа осындай салаларды қамтиды.​