Жүйеге кіру
ЕЭК-те 2021-2023 жылдардағы көлік саясаты жөніндегі жаңа «жол картасының» жобасы қаралды

ЕЭК-те 2021-2023 жылдардағы көлік саясаты жөніндегі жаңа «жол картасының» жобасы қаралды

28.08.2020

ЕАЭО-ның келісілген (үйлестірілген) көлік саясатын іске асыру бойынша «жол картасының» жобасын дайындау  жөніндегі жұмыс тобының мүшелері Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің көлік саласындағы бұдан арғы интеграциясының бағыттарын талқылады. Отырыс 26-27 тамызда ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Дәурен Сәбитовтің төрағалығымен өтті.

 

Отырысқа қатысушылар 2021-2023 жылдарға арналған «жол картасы» жобасының мазмұндық бөлігіне көліктің әрбір түрінің даму ерекшелігін және электрондық құжат айналымына көшуді ескере отырып, көлік қызметтерін көрсетуді ырықтандыруға бағытталған көлік қызметін регламенттеу жөніндегі іс-шаралар енуге тиіс деп айқындады. Құжатқа кедендік әкімшілік жүргізу, білім беру, инновациялық даму, ақпараттандыру, цифрландыру мәселелеріне және басқаларға байланысты көлік қызметін дамыту жөніндегі іс-шаралар да кірістірілуі қажет.

 

ЕАЭО-да аралас, контейнерлік тасымал мен транзитті қамтамасыз етуді, сондай-ақ  Одақ елдерінің ішкі су жолдары бойынша кеме қатынасын, әуе қатынастарын кеңейтуді, үшінші елдерге теміржол көлігімен тасымал кезіндегі ақпараттық алмасуды, Еуразиялық көлік дәліздері бойынша өткен кездегі автокөлік құралдарының  массалары мен габариттеріне қойылатын талаптарды реттеудің құқықтық негіздерін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды тұжырымдауға айрықша назар аударылды.

 

Бұдан басқа, жұмыс тобы көлік саласындағы интеграциялық жобаларды іске асыру, Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін қалыптастыру мен бекіту жөніндегі қадамдарды қарады, сондай-ақ Көлік және инфрақұрылым департаментінің Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың кешенді жоспарын дайындау туралы бастамасын қолдады.

 

Жұмыс тобының қыркүйектегі кезекті отырысында «Жол картасы» жобасын талқылау жоспарланып отыр.​