Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің мұнай саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі «жол картасы» 2020 жылдың соңына дейін қабылданады

ЕАЭО елдерінің мұнай саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі «жол картасы» 2020 жылдың соңына дейін қабылданады

28.08.2020

​ЕЭК Алқасы жанындағы Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің мүшелері 27 тамыздағы отырыста Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің мұнай саласындағы заңнамасын үндестіру жөніндегі «жол картасын» талқылады. Тараптар құжат жобасымен келісті және  оны бұдан әрі ЕЭК Кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауы туралы келісілген шешім қабылдады. Құжат 2020 жылдың соңғына дейін бекітіледі деп жоспарлануда.

«Жол  картасын» дайындау Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру бағдарламасында көзделген.  Заңнаманы үндестіруді жүргізу, соның ішінде ортақ нарықтарға қатысушылар арасында мұнай және мұнай өнімдері саудасының нарықтық механизмдерін қамтамасыз етуді және ортақ нарықтар шеңберінде мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетуге қатысты тариф белгілеудің жалпы қағидаттары мен әдістерін қолдануды кірістіретін болады деп бағамдалуда.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру туралы келісім жобасымен жұмыстың және Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастырудың бірінші кезеңінің іс-шараларын орындаудың барысын да  талқылады.

Бұдан басқа, биржалық сауда-саттықты жүзеге асыру тәртібін және  Одақ мемлекеттерінің аумақтарында орналасқан газ тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің бірыңғай қағидаларын дайындау мәселелері қаралды.

ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Эмиль Кайкиев атап көрсеткендей, ортақ мұнай-газ нарықтарын қалыптастыру Одақты дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп ортақ нарықтарды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру бойынша  қарқынды жұмыс жүргізуде. 

Анықтама:

Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитет ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 28 маусымдағы №195 шешімімен құрылды. Оның құрамына Одақ елдерінің мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік ұйымдарының өкілдері кіреді. Комитет төрағасы ЕЭК-тің Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі болып табылады.

Комитеттің негізгі міндеттері - мемлекеттік билік органдарының және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерімен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша консультациялар өткізу, ұсынымдар дайындау,  Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және  Одақ органдарының мұнай-газ саласындағы актілерін жетілдіруге қатысу және т.б.