Жүйеге кіру
Виктор Некрашевич ЕЭК-тің Іс басқару департаментінің директоры болып тағайындалды

Виктор Некрашевич ЕЭК-тің Іс басқару департаментінің директоры болып тағайындалды

21.07.2020
Виктор Владимирович Некрашевич 1969 жылғы 21 қыркүйекте Беларусь Республикасында туған.

Белорус ауыл шаруашылығы академиясын «экономист-ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша, Белорус мемлекеттік экономика университетін «экономист-менеджер» мамандығы бойынша,  Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясын «мемлекеттік басқару саласындағы маман» мамандығы бойынша бітірген.

Виктор Некрашевич Витебскіде энергия жүйесінде  әртүрлі лауазымда жұмыс істеді,  Беларусь Республикасы Қаржы министрлігінің Могилев облыстық бас басқармасын басқарды, ұзақ уақыт бойы Могилев облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2020 жылы Виктор Некрашевич Еуразиялық экономикалық комиссияға жұмысқа ауысты.

2020 жылғы 21 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Іс басқару департаментінің директоры болып тағайындалды.​