Жүйеге кіру
ЕАЭО-да тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөнінде халықаралық шарт әзірленеді

ЕАЭО-да тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөнінде халықаралық шарт әзірленеді

21.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 20 шілдеде ЕЭК Алқасына Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Үкіметтерімен бірлесіп тауарларды Одақтың екі немесе одан да көп мемлекетінің аумағы бойынша тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөнінде халықаралық шарт жобасын әзірлеуді тапсырды.
 

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Олег Панкратов атап көрсеткендей,  бұдан бұрын Одақтың кеден қызметтерінің Біріккен алқасы Транзиттің бірыңғай жүйесі туралы келісімнің негіздемелік жобасын дайындады. Бұдан басқа, навигациялық пломбаларды қолдану жөнінде эксперименттер жүргізілді.

«Ресей тарапынан келісімді бұдан да ғаламды ету, онда кедендік транзит мәселелері бойынша кешенді тәсілдемені қаттау ұсынысы түсті. Біз өз тарапымыздан бірінші кезекте навигациялық пломбаларды қолданумен байланысты, соның ішінде кедендік мақсаттар үшін ғана қолданылмайтын мәселені шешуді және  онымен қатарлас осындай құжат дайындауды ұсынамыз»,- деп  атап өтті Олег Панкратов. 

Тараптар Алқа ұсынысын қолдады. Тауарларды тасымалдау кезінде навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі халықаралық шарт үстіміздегі жылғы қазанға дейін дайындалады деп жоспарлануда.​