Жүйеге кіру
Гоар Барсегян ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды

Гоар Барсегян ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды

21.07.2020
Гоар Ашотовна Барсегян Ереван мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін және Венада (Австрия) Дипломатиялық академияны бітірген.
 

Армения Республикасы Үкіметі аппаратының сыртқы байланыстар департаментінде және Армения Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының сыртқы байланыстар департаментінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

Гоар Барсегян сондай-ақ Армения Республикасы вице-премьер-министрінің көмекшісі болды.

2017-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылғы 22 шілдеден бастап ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.​