Жүйеге кіру
ЕЭК 2019 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысын ұсынды

ЕЭК 2019 жыл ішіндегі жұмыс қорытындысын ұсынды

21.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия 2019 жылғы жұмыс туралы жылдық есепті жариялады.

Есептің негізгі идеясы «ЕАЭО. Адамдарға жақындай түсу» слоганында бейнеленген. Өзі өмір сүрген 5 жыл ішінде Одақ азаматтарға жақын әрі түсінікті бола түсті. Мәселен, жылдың аса маңызды қорытындылары деп Еңбекшілерді зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді, «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесі» жобасының іске қосылуын, ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын, ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыру туралы халықаралық шартқа қол қоюды айтуға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылы Сингапурмен және Сербиямен еркін сауда туралы келісімге, Қытаймен кедендік ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойылды, Иранмен еркін сауда аймағын құруға алып келетін Уақытша келісім күшіне енді.

Жылдық есепке Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың бес жылдығына байланысты іс-шаралар туралы ақпарат пен 2019 жылғы ЕАЭО-ның даму статистикасы да енді.

Жылдық есепті Комиссия блоктарымен бірлесіп Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті әзірледі.

Бейнетаныстырылымды мына жерден қарауға болады.