Жүйеге кіру
ЕАЭО-да интеграцияны дамыту стратегиясы жете пысықталуда

ЕАЭО-да интеграцияны дамыту стратегиясы жете пысықталуда

20.07.2020
20 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын жете пысықтау мәселесі қаралды.
 

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары бұдан бұрын құжат жобасын тұтастай мақұлдады және қатысушы елдердің Үкіметтеріне құжатты Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысына дейін жете пысықтауды тапсырды.

ЕЭК Кеңесі мүшелері мемлекет басшылары белгілеп көрсеткен мәселелерге басты назарды шоғырландырды және ымыралы тиянақтамаларды талқылады. ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев хабарлағандай, Комиссия келіспеушіліктер жоқ ережелерді іске асыру жөніндегі шаралар жоспарын дайындауға кірісіп те кетті.

Стратегиялық бағыттар 11 жүйелік блокка топтастырылған және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларация ережелерін ашып көрсететін жалпы (тұжырымдамалық) және 330 шара мен механизмнен тұрады.​