Жүйеге кіру
ЕАЭО трансшекаралық интернет-сауда операторы институтын құруды талқылауда

ЕАЭО трансшекаралық интернет-сауда операторы институтын құруды талқылауда

16.07.2020

Трансшекаралық электрондық сауда жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобы бірінші отырысында  тауарларды жеткізуді жеделдету және оператор институтын пайдалана отырып оларды ресімдеуді оңайлату мүмкіндіктерін қарады. Іс-шара шеңберінде аталған сегментті, сыртқы сауданы жүйелі реттеуді қалыптастыруға бағытталған бір топ мәселе талқыланды. Мұндай тәсілдеменің себебі – бүгіннің өзінде  ЕАЭО-да  жаңа нарықтың толық қалыптасқаны, ал қазіргі бар, тұтастай алғанда «дәстүрлі» саудаға бағытталған құқықтық реттеу оның өзіндік ерекшелігін жеткіліксіз ескеретіні болып табылады. 

Сарапшылық  бағалаулар бойынша, шет елдік интернет-алаңдарда сатып алынған тауарлар импортының көлемі ЕАЭО-да 2019 жылы $8,8 млрд құрады, мұның 90%-ы Ресей Федерациясының үлесіне тиеді. Тұтыну сұранысының COVID-2019 пандемиясы тудырған «онлайнға» қайта бөлінуін ескере келгенде, 2020 жылы трансшекаралық электрондық сауда 6-10% пайыз өседі деп болжануда.

Қатысушылар тауарлардың  жаңа санаттарын айқындау мүмкіндігін, кедендік декларациялардың жаңа типін және электрондық сауда операторы институтын енгізуді қоса,  кедендік реттеуді дамытумен байланысты тақырыптардың көлемді тізбесін қарады.

«Оператор институты арқылы интернет-сауданы жүзеге асыру мақсатында  - бұл тез, қолайлы болуы, қажетті төлемдерді төлегені және техникалық реттеу мәселелері сақталғаны жөнінде кепілдік болуы үшін дәліз құру керек. Оператор тұтынушыға  ресімдеу жөнінде қолайлы қызметтер көрсету ұсына отырып, барлық қағида мен шектеуді орындауды қамтамасыз еткенде, іс-қимылдың ашықтығы және анықтығы  қажет»,- деп атап өтті осыған байланысты Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Техникалық реттеу шараларын сақтау мәселелеріне айрықша назар аударылды. Қазіргі сәтте трансшекаралық электрондық сауда шеңберінде ЕАЭО-ға түсетін тауарлардың техникалық регламенттерге сәйкестігі туралы талаптар көзделмеген. ЕАЭО тұтынушыларын қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету және Одақтың өндірушілері мен адал импорттаушылар үшін бәсекелестік шарыттарын  теңелту мақсатында  дәстүрлі «оффлайн» және электрондық саудада тауарлар өткізу шарыттарын біртіндеп теңеу туралы ұсыныс айтылды.

Тараптар шет елдік интернет-алаңдардың тауарларын сақтау және кейіннен ЕАЭО аумағында түпкілікті тұтынушыға өткізу мақсатында кедендік қоймаларды пайдалану идеясын қызықты деп санады. Өнімді алдын ала әкету мүмкіндігімен B2B2C схемасын ендіру Одаққа мүше елдердің тұтынушыларына тауар жеткізуді  қосымша тездетуге ықпал ете алар еді.

Анықтама

Жоғары деңгейлі жұмыс тобы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 9 тапсырмасын орындау шеңберінде ЕЭК Алқасының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 66 өкімімен құрылды. ЖДЖТ төрағасы  ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев болып табылады. Жұмыс тобына Комиссияның және Одақ елдерінің бірқатар бейінді министрліктері мен ведомстволарының өкілдері кіреді.​