Жүйеге кіру
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

15.07.2020

17 шілдеде Минскіде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтеді.

 

Күн тәртібі Еуразиялық интеграцияның сауда, ішкі нарықтың жұмыс істеуі, бәсекелестік, өнеркәсіп, техникалық реттеу және басқа салалардағы мәселелерінің кең спектрін қамтиды.

 

Саммитте Тауарларды таңбалау туралы келісімді іске асыру және Еуразиялық экономикалық одақта таңбалау жүйесін одан әрі дамыту барысы қаралатын болады. Күн тәртібінде – Одақ елдерінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының және өзге де жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау жөнінде денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспары да тұр.

 

ЕАЭО елдерінің Жерді қашықтан зондтау негізінде ғарыштық және геоақпараттық қызметтер көрсетуді ұсыну саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама жобасын талқылау белгіленген.

 

ЕАЭО агроинудустриясын дамыту картасын және Одақтың индустрияландыру картасын қарау жоспарлануда. Екі жоба да іске асырылып жатқан ірі жобалар туралы ақпаратты жиынтықтауды көздейді, бұл Одақтағы әріптестерге дамудың ұлттық жоспарларын және инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру кезінде өндірістердің қосарласуын болдырмауға, даму үрдістерін ескеруге, бір бірінің құзыретін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.​