Жүйеге кіру
2019 жылы ЕАЭО елдерінде өнеркәсіп өндірісі өсті

2019 жылы ЕАЭО елдерінде өнеркәсіп өндірісі өсті

19.02.2020

2019 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінде өнеркәсіп өндірісінің, орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің, жолаушылар айналымының, бөлшек сауда айналымының артуы байқалды. Мұндай деректер ЕЭК Статистика департаменті дайындаған ЕАЭО-ның негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің шолуында келтірілген.

2019 жылы ЕАЭО өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,2 трлн АҚШ долларын құрады және 2018 жылмен салыстырғанда тұрақты бағаларда 2,5% артты. 2019 жылы ЕАЭО өнеркәсіп өндірісінің құрылымында өңдеуші өнеркәсіптің мейлінше көп сыбағалық салмағы 63,1% құрады.

2019 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 120 млрд АҚШ долларын құрапды және 2018 жылмен салыстырғанда 3,4% артты.

ЕАЭО мемлекеттерінде орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2019 жылы 159,8 млрд АҚШ долларын құрады, бұл тұрақты бағаларда 2018 жылғыдан 1,5% жоғары.

ЕАЭО елдерінде 2019 жылы жалпы алаңы 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2018 жылға қарағанда 4,2 млн шаршы метр немесе 4,4% артық.

2019 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің көлікпен жүк тасымалдау көлемі 12 997,8 млн тонна құрады және 2018 жылмен салыстырғанда 1,9% артты. Жүк тасымалдау көлемі (құбыржол көлігінсіз) 2,3% артты әрі 11 440,8 млн тонна құрады.

2019 жылы жолаушылар тасымалдау көлемі 38,5 млрд адам болды, бұл 2018 жылға қарағанда 1,8% артық. ЕАЭО мемлекеттерінің жолаушылар айналымы бір жыл ішінде 6,5% артты және 908,9 млрд жолаушы-километр құрады.

 ЕАЭО мемлекеттерінің бөлшек сауда айналымы 2019 жылы 580,1 млрд АҚШ долларын құрады. 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бөлшек сауда көлемі салыстырмалы бағаларда 2% артты.

2019 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің тауарлармен өзара сауда көлемі 55,3 млрд АҚШ долларын құрады немесе бұл 2018 жылғы деңгейге қарағанда 100,2%. ЕАЭО мемлекеттерінің өзара саудасының тауар құрылымында минералдық өнімдер - 25,7%, машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын жеткізу - 19,8%, азық-түлік тауарлары мен ауыл шаруашылығы шикізаты - 15,6%, сондай-ақ металдар мен олардан жасалған бұйымдар - 12,9% мейлінше көп сыбағалық үлесті алады.​