Жүйеге кіру
ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Комиссия шешімдерінің шамамен 40%-ы техникалық реттеу және СФС-шараларды қолдану мәселелерімен байланысты»

ЕЭК министрі Виктор Назаренко: «Комиссия шешімдерінің шамамен 40%-ы техникалық реттеу және СФС-шараларды қолдану мәселелерімен байланысты»

20.12.2019

Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Виктор Назаренконың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды (СФС-шаралар) қолдану жөніндегі консультативтік комитетінің үстіміздегі жылғы қорытынды отырысы болып өтті.

Отырысқа Консультативтік комитеттің мүшелері, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының, бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері және тәуелсіз сарапшылары қатысты.

Консультативтік комитеттің жылдық жұмысын қорытындылай келіп және таяу кезеңдегі стратегиялық міндеттерді айқындай отырып, Виктор Назаренко: «Өткен жылы техникалық реттеу және СФС-шаралар саласында мәселелердің кең спектрі қаралды. Бұл аз десек те, көп десек те - ЕЭК қабылдаған шешімдердің шамамен 40%-ы. Жақын арада 2025 жылға дейінгі Одақтың интеграциясын дамытудың стратегиялық бағыттары қабылданатын болады, онда техникалық реттеу блогы мен СФС-шаралар құзыретіндегі салаға жататын іс-шаралар айтарлықтай көрсетілген. Бұларды іске асыруда маңызды рөл Консультативтік комитет пен оның кіші комитеттеріне беріледі, тараптардың барлық пікірлері мен ұсыныстары сол алаңдарда пысықталуға тиіс», – деп атап көрсетті.

Консультативтік комитет техникалық реттеу және санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шараларды қолдану саласындағы көптеген мәселелерді талқылады.

Комиссия Алқасының қарауы үшін техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын толықтыру және техникалық регламенттерге Одақтың бірқатар техникалық регламенттеріне өзгерістер әзірлеу туралы позициялармен өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар мақұлданды. «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістер өндірісте және тұрмыста көптеген жазатайым жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Ол үшін техрегламентке, мысалы, ішкі кеңістіктер мен бөлмелерде жанбаған газдың жиналуын болдырмауға көмектесетін құрылғының міндетті түрде бар болуы туралы талапты кірістіру ұсынылады.

Адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету үшін «Электртехникасы және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы» техрегламентте қауіпті заттардың бақыланатын номенклатурасы, олардың құрамында болуы деңгейі бойынша талаптарды өзектілендіру, сондай-ақ техрегламентті өзінің тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан электртехникасы және радиоэлектроника бұйымдарына арналған кәдеге жарату жөніндегі талаптармен толықтыру жоспарлануда.

Құқық қолдану практикасы негізінде Одақтың «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентінде қолдану саласы мен жиһаз өнімдеріне қойылатын талаптар нақтыланатын болады.

Сондай-ақ Одақтың «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламенті өзгерістерінің жобасын жария талқылауға жіберу туралы шешім қабылданды, бұл оның «Сәйкестікті бағалау» бөлімін типтік схемаларға сәйкес келтіру мақсатында әзірленген.

Консультативтік комитеттің мүшелері ЕЭК Алқасының қарауы үшін Одақтың «Жеке қорғану құралдарының қауіпсіздігі туралы» техрегламенті үшін өзектілендірілген стандарттар тізбесінің жобаларын мақұлдады, бұлар стандарттау саласындағы тиісті стандарттар мен құжаттарды қабылдау, қолдану, жаңарту және күшін жою мониторингі нәтижелерінің негізінде, сондай-ақ 2019 жылғы мамырда техрегламентке енгізілген өзгерістерді ескере отырып дайындалған.

Өзектілендірілген тізбеге 168 стандарт кіргізілген, олардың 126-ы мемлекетаралық (10-ы ISO халықаралық стандарттарымен, 19-ы EN өңірлік стандарттарымен үндестірілген) стандарт және 40-ы Одақ елдерінің ұлттық стандарты (2-і ISO халықаралық стандарттарымен және 12-сі EN өңірлік стандарттарымен үндестірілген). Зерттеу (сынау) әдістеріне арналған өзектілендірілген стандарттар тізбесіне 425 стандарт пен ведомстволық құжат, соның ішінде 272 мемлекетаралық стандарт (41-і ІЅО халықаралық стандарттарымен және 31-і ЕN өңірлік стандарттарымен үндестірілген) және Одақ мемлекеттерінің 58 ұлттық стандарты (12-сі ІЅО халықаралық стандарттарымен, 16-сы ЕN өңірлік стандарттарымен үндестірілген) кіргізілді. Сондай-ақ 93 ведомстволық құжат кіргізілді, бұларды тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленіп, тізбеге кіргізілгенге дейін қолдану көзделген.

«Табиғи минералды суды қоса алғанда, қапталған ауыз судың қауіпсіздігі туралы» техрегламентке қойылатын зерттеу (сынау) әдістеріне арналған стандарттар тізбесін өзгерту мақұлданды, ол ISO стандарттары негізінде әзірленген Беларусь Республикасының бір мемлекетаралық стандартымен, бір ұлттық стандартымен және екі аттестатталған зерттеу (сынау) және өлшеу әдістерімен толықтыруды көздейді. Енгізілген өзгерістер тізбені зерттеу жөніндегі әдістермен, соның ішінде сезімталдығы бойынша осы техрегламентке № 3 қосымшада белгіленген талаптарға сәйкес келетін балалар тамағына арналған ауыз сумен толықтыруға бағытталған.

 Консультативтік комитеттің мүшелері Консультативтік комитеттің стандарттау жөніндегі кіші комитеті туралы ережені мақұлдады және Консультативтік комитет жанындағы «Фитосанитариялық шаралар» бағыты бойынша жұмыс тобының құрамын өзектілендірді.​​