Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы келісімді мақұлдады

ЕЭК Алқасы Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы келісімді мақұлдады

20.12.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Алқа мүшелері ЕЭК Кеңесінің Үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен шарттары туралы келісім жобасын оған қол қоюға қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізу үшін Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне жіберу туралы өкімінің жобасын мақұлдады.

Құжат үздік халықаралық практиканы ескере отырып, жекелеген шарттар (келісімдер) жасасу арқылы  үшінші елдермен немесе интеграциялық бірлестіктермен тосқауылдарды алып тастау тетіктерін белгілейді. Мұндай келісімдер Одақ шеңберінде реттелетін өнім үшін ғана жасалатын болады.  

Сақталған кезде үшінші елмен ЕАЖО шарты жасалатын талаптар айқындалды. Мұндай шарттардың, өнімнің одақ техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелерін тану мәселелерін қоса алғанда, мазмұны көзделген. 

Тәртіп және талаптар туралы келісімге
қол қою Одақ мемлекеттерінің үшінші елдермен және негізгі интеграциялық бірлестіктермен мүдделер теңгерімін және халықаралық сауданың құқықтық регламентациясына ортақ көзқарастарды сақтау кезінде сауда-экономикалық мәселелердің барынша кең ауқымы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты өсіруге ықпал ететін болады.

Оған қоса, ЕЭК Алқасы Комиссия Кеңесінің ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы туралы өкімінің жобасын мақұлдады. Құжат Баға белгілеу және тариф саясатының негізін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар қызметтер көрсетуіне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға түзетулер енгізеді, Қырғызстан аумағына электр энергиясын мемлекетаралық таратуды жүзеге асыру әдіснамасын айқындайды. Кейіннен құжат ЕЭК Кеңесінде қаралып, оған қол қою үшін қажетті рәсімдерге орай Одақ елдеріне жіберілетін болады.