Жүйеге кіру
ЕЭК табиғи монополиялар саласында энергия тиімділігі мәселелерін талқылайды

ЕЭК табиғи монополиялар саласында энергия тиімділігі мәселелерін талқылайды

20.12.2016

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) алаңында ЕЭК энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі Адамқул Жунусовтің төрағалығымен табиғи монополиялар саласындағы энергия тиімділігі проблемасы бойынша дөңгелек үстелдің екінші отырысы өтті. ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Нұрахметов дөңгелек үстелдің модераторы болды.

 

Іс-шарада энергиялық тиімді технологияларды заңнамалық реттеу және оларды Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері табиғи монополиялар субъектілерінің енгізуі
мәселелері бойынша пікір алмасу болды. Кездесуге қатысушылар еуразиялық интеграциялық бірлестік елдерінің табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы үндестіру және реттеу практикасы
 мәселелерін қарап, кешенді көзқарастарды зерттеу мүмкіндіктерін, осы саладағы
бәсекеге қабілеттілік пен орнықты даму проблемасы мен перспективаларын, факторларын талқылады. 

Дөңгелек үстел барысында тұтынушыға жеткізілетін электр энергиясы сапасының проблемасы жеке айтылды.

Кездесуге қатысушылар табиғи монополиялар саласындағы ортақ нарықтарды дамытудың қазіргі заманғы үрдістерінің өз пайымдарын ұсынды, сондай-ақ Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамаларын үндестіру бойынша бірқатар тактикалық ұсынымдарды тұжырымдады.  

Дөңгелек үстел жұмысына Одақ елдері уәкілетті мемлекеттік билік органдарының өкілдері, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстелдің егжей-тегжейлі стенограммасы еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында ашық қол жеткізу үшін орналастырылған.​