Жүйеге кіру
ҚХР-мен ақпарат алмасу туралы келісім күшіне енеді

ҚХР-мен ақпарат алмасу туралы келісім күшіне енеді

TSR06403.JPG
20.11.2020

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар және халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөнінде ақпарат алмасу туралы келісім 2020 жылғы 21 қарашада күшіне енеді.


Ақпарат алмасудың қатысушылары Одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен ҚХР-дың Бас кеден басқармасы болады.

 

Келісім ақпарат алмасуды кезең-кезеңімен іске асырудың базалық тәсілдемелерін айқындайды, ал ізеуірттелген талаптар алмасуға қатысушылар арасында жасасылатын жекелеген хаттамаларда жазылатын болады.


ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Олег Панкратов: «Қытайлық әріптестерімізбен келіссөз үдерісінде біздің елдеріміздің кеден қызметтері арасында ақпарат алмасу саудаға жәрдемдесу және тауарлардың трансшекаралық өткізілуі кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды деген бірлескен түсінікке келдік. Қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру кеден қызметтері үшін де, сыртқы экономикалық қызметтің адал қатысушылары үшін де барынша пайдалы болады деп санаймыз», — деп атап өтті.

 

Келісімді тезірек іске асыру үшін Комиссия Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп Одаққа мүше мемлекеттердің орталық кеден органдары мен ҚХР-дың Бас кеден басқармасы арасындағы ақпарат алмасуды іске асыру тәртібі туралы хаттама жобасын әзірледі.

 

2019 жылғы желтоқсанда Харбин қаласында келіссөздердің бірінші раунды болып өтті, оның барысында бастапқы кезеңде ақпарат алмасуды іске асыруды регламенттейтін бірқатар ереже келісілді.

 

Бүгінгі таңда Хаттама ережелерін пысықтау мен келісу Қытай тарапымен хат жазысу арқылы жүргізілуде. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдаят жақсарып, шекаралар ашылғаннан кейін келіссөздердің екінші раундын және Хаттаманы кейіннен қол қоюға дайындаумен бірге техникалық мамандардың бірқатар кездесуін өткізу жоспарланып отыр.

 

Анықтама үшін:

Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар және халықаралық тасымалдың көлік құралдары жөніндегі ақпарат алмасу туралы келісімге 2019 жылғы 6 маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумы шеңберінде Одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтері басшыларының орынбасарлары, Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы қол қойды.​