Жүйеге кіру
Өңірлік экономикалық өзара іс-қимыл мемлекеттердің орнықты дамуының маңызды факторы болады

Өңірлік экономикалық өзара іс-қимыл мемлекеттердің орнықты дамуының маңызды факторы болады

g-global 19-11-20 (2).JPG
20.11.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықовтың «G — Global. XXI ғасыр әлемі» (Астана экономикалық форумы) халықаралық конгресінде сөйлеген сөзі Еуразиялық экономикалық одақта ортақ қаржы нарығын және биржалық кеңістікті қалыптастыруға, сондай-ақ цифрлық қаржылық технологияларды кеңейтуге арналды.

 

ЕЭК министрінің сөзінше, жаһандық дағдарыс жағдайында өңірлік интеграция орнықты дамудың шынайы факторы болады. «Экономикалық ынтымақтастықты өсіру, бірлескен жобаларды іске асыру, экономиканың нақты секторына инвестициялар тарту — елдердің өнеркәсіптік өсуін қалпына келтіруге, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпім болуы мүмкін», — деп атап көрсетті ол.

Бұл ретте Еуразиялық даму банкі, Еуразиялық тұрақтандыру және даму қоры, ТМД Мемлекетаралық банкі сияқты бірлескен даму институттары қызметінің жандануы маңызды мәнге ие болады.

Тимур Жақсылықов ЕАЭО елдерінің интеграциялық өзара іс-қимылының басымдықтарының бірі — ортақ қаржы нарығын қалыптастыру, ал түйінді бағыты — өзара сауданы және ЕАЭО мемлекеттерінің инвестициялық ынтымақтастығын айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік беретін ортақ биржалық кеңістік құру болып табылатынын атап өтті.

Тимур Жақсылықовтың пікірінше, ЕАЭО-да цифрлық күн тәртібін іске асыру және серпілісті цифрлық жобаларды іске қосу да мүше мемлекеттер үшін маңызды экономикалық нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. «ЕАЭО кеңістігіндегі қадағалап отыру және таңбалау жүйесінде қолданылатын замани цифрлық технологиялар деректерді барлық деңгейде біріктірмелеуге әрі өнім қозғалысын өндірушіден тұтынушыға дейінгі бүкіл жеткізілім тізбегі бойынша қадағалап отыруға және заңсыз әкелу мен айналымның жолын кесуге мүмкіндік береді», — деп түйіндеді Тимур Жақсылықов.