Жүйеге кіру
ЕЭК-те Еуразиялық елдер мен Маврикия ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

ЕЭК-те Еуразиялық елдер мен Маврикия ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Встреча с Министром-советником Республики Маврикий.jpeg
20.08.2020


 Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян және Маврикия Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-министрі Рой Д. Биссундоял Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен    Маврикия Республикасының экономикалық өзара іс-қимылының форматтарын талқылады. Келіссөздер Маврикия Елшілігінің бастамасы бойынша болып өтті.

Гоар Барсегян Маврикия Республикасының ЕЭК-пен диалогты жандандыруға деген  ықыласына ілтипат білдірді, Еуразиялық экономикалық интеграцияның қазіргі заманғы жай-күйі, Одақтың халықаралық күн тәртібі және  Комиссияның үшінші елдердің Үкіметтерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу жөніндегі жұмысының кезеңдері туралы хабардар етті.

«Тиімді практикалық іс-қимыл тұжырымдау үшін  біз Африка одағымен ынтымақтастық орнату кезінде таяуда ие болған тәжірибені пайдалануды ұсынамыз. Экономикалық ынтымақтастық саласында ЕЭК пен Афроодақ арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум форматындағы жұмысты негізге алуға болады.  Бұл құжатты іске асыра отырып, біз  бірлескен іс-шаралар жоспарының жобасын дайындап, оны қазір африкалық әріптестерімізбен келісу үстіндеміз, мұның көптеген ережесі Комиссияның Маврикия Үкіметімен өзара іс-қимылы үшін де тура келген болар еді»,- деп мәлімдеді ЕЭК өкілі.

Бұдан басқа, Гоар Барсегян ЕАЭО-да Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттардың әзірленуі және оны іске асыру жоспарлары туралы әңгімеледі,  Маврикия да мүшесі болып табылатын Африка одағымен ынтымақтастықтың маңызы жоғары екенін атап өтті.

Рой Д. Биссундоял аталған Меморандум  шеңберіне Маврикия Республикасын «кіріктіру» идеясын қолдады және ынтымақтастық салаларын кеңейту мүмкіндігін жақтап сөйледі. Ол тараптардың сауда-экономикалық өзара іс-қимылы үшін барлық мүмкіндікті пайдалану қажеттігіне сенімді.

Анықтама

Маврикия экономикасы қант өндірісіне, туризмге және тоқыма өнеркәсібіне негізделген.Бұл Африкадағы тұрмыс деңгейі  бойынша екінші, халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша үшінші ел. Маврикияда офшорлық және банк бизнесі дамуда, мемлекет үлкен көлемде теңіз өнімдері мен балық аулайды және қайта өңдейді.