Жүйеге кіру
ЕАЭО бизнесі Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспарын дайындауға қатысады

ЕАЭО бизнесі Еуразиялық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттарын іске асыру жоспарын дайындауға қатысады

IMG05013.JPG
20.08.2020
Еуразиялық экономикалық   комиссияның (ЕЭК) Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа мүшесі (министр)   Сергей Глазьев Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) Іскерлік кеңесінің және Одақ елдері бизнес-қауымдастықтарының қатысуымен  отырыс өткізіп, онда Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының шаралары мен механизмдерін іске асырудың кешенді жоспары қаралды.

ЕЭК министрі Стратегиялық бағыттар жобасының  үстіміздегі жылғы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында тұтастай мақұлданғанын еске сала өтті. «Шамамен 20 позицияны  қоспағанда, қалған барлығын пысықтауды бастай беруге болады. Бұл - құжатта бейнеленген шамамен 300 шара. Біздің алдымызда толық нысаналы  міндет тұр, ол - 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарды іске асыру бойынша Комиссия мен іскер топтар арасындағы өзара іс-қимылды игерісудің ортақ матрицасын құру»,- деп атап көрсетті Сергей Глазьев.

Кездесуге қатысушылар Стратегиялық бағыттарды іске асырудың ізеуірттелген жоспарын талқылау шеңберінде бірқатар мәселеге айқындап көңіл аударды. Соның ішінде – шешімдер қабылдаудың ашықтығын арттыру және  Комиссияның бизнеспен техникалық реттеу әрі стандарттау саласындағы іс-қимылын үйлестіру сапасын жақсарту, ішкі әрі сыртқы нарықтардағы тарифтік және тарифтік емес тосқауылдарды анықтау бойынша ЕАЭО іскер топтарының белсенділігін арттыру бар. 

ЕЭК-тің  Еуразиялық интеграцияның барысы және оның бизнесті дамытуға ықпалы туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлердің тұрақты сауалдамасын  өткізу жөніндегі бастамасы талқыланды. Сауалдама нәтижелерін 2021 жылы Еуразиялық үкіметаралық кеңеске ұсыну жоспарланып отыр.

Алақол импортерлермен күрес тақырыбына және сериялық сертификаттар проблемасына, сондай-ақ цифрландыру құралдарының көмегімен бұл саладағы бақылаудың тиімділігін арттыруға дербес назар аударылды.

Отырысқа қатысқан ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі  Тимур Жақсылықов ЕАЭО-ның жұмыс істеу процесіне бизнес-қоғамдастықты, қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды кеңінен тарту мақсатында Еуразиялық экономикалық интеграцияның оң имиджін қалыптастыру жөнінде және Одақ шеңберінде іске асыру мүмкін болатын идеялар мен бастамаларды жылжыту үшін  краудсорсинг платформасын құру жөнінде іс-шаралар ұсынылуы мүмкін екенін атап өтті.