Жүйеге кіру
«Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсының жартылай финалы Армения Республикасында «АРМЕНИЯ EXPO» көрме форумы шеңберінде өтеді

«Еуразиялық цифрлық платформалар» конкурсының жартылай финалы Армения Республикасында «АРМЕНИЯ EXPO» көрме форумы шеңберінде өтеді

20.08.2019

«Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсының жартылай финалы Армения Республикасында 13 қыркүйекте «АРМЕНИЯ EXPO» (Ереван қаласы, А. Акопян көшесі, 3-үй, «Ереван EXPO» көрме кешені) әмбебап өңірлік сауда-өнеркәсіп көрме форумы шеңберінде болады.


Конкурстың жюри мүшелеріне жартылай финалшы-жобалардың таныстырылымы 10:30-дан бастап 13:00 сағатқа дейін болады, 14:00-де наградтау рәсімі өткізілетін салтанатты бөлік басталады.

«АРМЕНИЯ EXPO» әмбебап өңірлік сауда-өнеркәсіп көрме форумы Армения Үкіметінің қолдауымен өтеді. Оның түбірлі міндеті – Арменияның және басқа елдердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері арасында іскер байланысу орнату. Форум енді он тоғызыншы рет өткізілгелі тұр.


«Еуразиялық цифрлық платформалар» инновациялық жобалар халықаралық конкурсы - Еуразиялық экономикалық комиссия 2018 жылдан бастап ойдағыдай іске асырып келе жатқан мемлекетаралық жоба.

 

Конкурстың мақсаты - Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердегі Одақтың цифрлық күн тәртібін іске асыруға маңызды үлес қосуға қабілетті компаниялар мен жобаларды анықтау.

 

Конкурс Одақ елдерінің экономикаларын цифрлық трансформациялау саласында сараптама және практикалық тәжірибе алмасу үшін тұрақты жұмыс істейтін халықаралық алаң болуға бейімделген.

 

Конкурстың жартылай финалдары барлық бес мүше мемлекетте өтеді. Әрбір жартылай финалдағы үш жеңімпаз (барлығы 15 инновациялық жоба) үстіміздегі жылғы қыркүйектің соңында Бішкекте (Қырғыз Республикасы) өтетін «Еуразиялық апта – 2019» форумында болатын конкурс финалына шығарылады. Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Карине Минасян төрағалық ететін конкурс жюриі конкурстың үш жеңімпазын таңдайды, тағы екі жобаға «ЕЭК ұнатуы» санатында жеңіс берілетін болады.

Барлық мүдделілік білдірген тұлғалар конкурс туралы қосымша
ақпараттты мына жерден ала алады.​