Жүйеге кіру
Михаил Мясникович: «ЕАЭО-да шешімдерді тұжырымдау мен оларды орындау тәртібін оңтайландыру қажет»

Михаил Мясникович: «ЕАЭО-да шешімдерді тұжырымдау мен оларды орындау тәртібін оңтайландыру қажет»

IMG09893.jpg
20.02.2021

19 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің басшылығымен өткізілген ЕАЭО-да тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету және келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою мәселелері жөніндегі комитеттің 4-отырысына қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ органдарының техникалық реттеу саласындағы шешімдерін орындауды, тасымалдарды қадағалап байқау үшін навигациялық пломбыларды қолдану туралы келісім жобасына мемлекетішілік келісу жүргізу барысын, Ресей Федерациясы аумағында сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалауды енгізу практикасын және осындай таарларды РФ-ке мүше мемлекеттер аумағынан әкелуді, сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қара және түсті металдар сынығы жеткізілімдері мәселесі бойынша тапсырмасының орындалуын талқылады.

ЕЭК Алқасының басшысы атап өткендей, жұмысты тиімді құру үшін проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы, сондай-ақ Одақ елдерімен бірлескен жұмыстың стилі мен әдістері туралы қағидатты әңгіме қажет.

«Игерілмеген істер біздің мемлекеттеріміздің экономикасына және жалпы интеграциялық процеске теріс әсер етуде. Шешімдер тұжырымдау мен қабылдау рәсімдерін жетілдіру бойынша қажетті жұмыс практикасы қалыптасқанына қарамастан, мәселелер ұзақ уақыт бойы шешілмей келеді. Сондықтан шешімдерді тұжырымдау және оларды орындау тәртібін оңтайландыру қажет деп топшылаймын», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

ЕЭК Алқасы басшысының сөзінше, тараптар шешім қабылдаудан жалтарады, себебі жер-жердегі орындаушылардың қосымша күш-жігері талап етіледі. Ол Одақ органдары шешімдерін орындаудың тиісті мониторингі жоқ екендігіне байланысты да қанғаттанбағандық білдірді.

2020 жылы өзара сауда 20% азайды. Бұл ретте үшінші елдерге экспорт 71%, осы мерзімде импорт 84% құрады. ЕЭК Алқасы Төрағасының пікірінше, бұл жалғыз COVID-19 пандемиясымен ғана байланысты емес. Мұндай теңгерімсіздік, бір жағынан, белсенді жұмыстың жетіспейтіндігінің салдары. Екінші жағынан, ЕАЭО-да жоғары өтімді тауарлар саны айтарлықтай емес. Осындай тауарлардың айтарлықтай емес ағынының жолына да басқа әріптестердің пікірін ескермейтін елдер әрқилы кедергілер жасайды. «Кедергіні Комиссия емес, елдер жасайды. Сол немесе өзге мәселеге шыққан кезімізде, біз белгілі бір қанағаттанбаушылықты көреміз», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

 

ЕЭК Алқасының басшысы мысал ретінде Интеграцияланған ақпараттық жүйені атады, оның іске қосылған 19 жалпы процесіне Ресей Федерациясы ғана қосылған. Армения Республикасы 14 процеске, Беларусь – 12, Қазақстан – 13 процеске қосылған. 30-ға жуық жалпы процесс жоғары дайындық дәрежесінде. Алайда ЕЭК Одақтың барлық елінде бұған қосылуға дайындық бірдей деңгейде емес екендігін тиянақтап отыр. «Сол себепті алдын орай жұмыс істеу қажет, бастамашылдық көбірек болуы керек. Кейде тараптардың өкілдері тоқтатушылық үшін дегендей жұмыс істейді, сабақтас мәселелер нашар шешіледі. Бұл да кемшілік», — деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы. Осыған байланысты Михаил Мясникович тікелей қолданыста болатын шешімдер қабылдауға шақырды.

 

Кеңеске ЕЭК Алқасының мүшелері — Техникалық реттеу жөніндегі министр Виктор Назаренко, Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министр Олег Панкратов, Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, АКТ жөніндегі министр Гегам Варданян, сондай-ақ ЕАЭО елдері уәкілетті органдарының өкілдері қатысты.

 

Мүше мемлекеттердің тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы Одақ органдарының негіз қалаушы шешімдерін орындамау мәселесіне түсіндірме берген Виктор Назаренко ЕАЭО-ның үш елінің — Армения Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техрегламенттің елдерде жануарлардан алынатын өңделмеген азық-түлік шикізатын алу, қайта өңдеу (өңдеу) жөніндегі өндірістік объектілерді мемлекеттік тіркеу жүргізу жөніндегі міндетті талаптарды белгілейтін, оларды сәйкестендіруді және олар туралы мәліметтерді барлық мүдделі адамдар үшін жалпыға бірдей қолжетімді болуға тиіс елдердің ұлттық тізілімдеріне ЕАЭО өндірушілері ретінде енгізуді қамтамасыз ететін бірқатар баптарын орындамайтындығын атап өтті.

 

«Бұл жағдаят жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін өндірушілердің практика жүзінде КО ТР 021/2011 сәйкес «өндіруші» ресми мәртебесіне ие болмауына әкеледі. Техникалық регламенттің міндетті талаптарын орындамау оларға сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды қабылдауға және соның салдарынан өнімді Одақ нарығындағы өнім айналысының бірыңғай белгісімен таңбалауға және оны бірыңғай нарықта айналысқа шығаруға құқық бермейді», — деп санайды Виктор Назаренко.

 

Сол себепті Комиссия елдердің назарын әртүрлі деңгейлерде және әртүрлі алаңдарда осы құжаттарды орындау қажеттігіне бірнеше мәрте аударды. Осыған байланысты ЕЭК үш елдің мемлекеттік билігінің Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті органдарына ұлттық заңнаманы «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техрегламенттің 31-36-тармақтарына сәйкес келтіру жөнінде тиісті жұмыс жүргізуді қамтамасыз етуді ұсынды. ЕЭК Армения Республикасына, Қазақстан Республикасына және Ресей Федерациясына техрегламенттің осы баптарын орындау қажеттігі туралы хабарлама білдіруді жоспарлап отыр.

Виктор Назаренко Ветеринариялық бақылауға жататын объектілер мен тауарларға бірлескен тексеру өткізудің бірыңғай тәртібі туралы ережені түзету жөніндегі Қазақстан-Қырғызстан-Беларусь төрағалығының мәлімделген басымдықтары шеңберінде Комиссияның іс-қимыл жоспарының орындалмауын да атап өтті.

Құжатты қолдану практикасы оның ЕАЭО ортақ нарығында малдан алынатын тамақ өнімінің өткізілуіне шектеу және тыйым салу енгізудің негізгі құралы болып табылатынын көрсетті. Бұл ретте ветеринария саласындағы уәкілетті органдар көп жағдайларда техрегламенттер талаптарын бақылауды жүзеге асырады, ветеринариялық шаралар қабылдайды, бұл Одақ елдері заңнамасында көзделмеген өзара жеткізілімдерді шектеуге әкеп соғады. Осы проблемаларды шешу мақсатында Комиссия уәкілетті органдармен бірлесіп 2019 жыл ішінде бұл құжатты түзетті.

Оны ЕЭК Алқасында қарау бірыңғай позиция қалыптастыру қажеттігін ескере отырып, Ресей Федерациясының өтініші бойынша бірнеше рет кейнге қалдырылды. ЕЭК Ресей тарапы өзінің бірыңғай позициясын 2021 жылғы 20 наурызға дейін ұсынады деп күтуде.

Бұдан басқа, Комиссия Кеңесі № 149 шешімінің 2-тармағы құжатты «уақытша шаралар» түсінігін, оларды енгізу негіздерін және уақытша шаралардың өзінің мазмұнын дәл айқындаумен толықтыру бөлігінде орындалмайды. Мерзімі 2016 жылдың төртінші тоқсаны деп белгіленгеніне қарамастан, тапсырма осы уақытқа дейін орындалған жоқ. Комиссияның пікірінше, көптеген уәкілетті органдарға оның ережелерін еркін ұғындыру және негізсіз шешімдер қабылдау үшін бұл түсінікті регламенттемейтін нақсыз құжаттың болғаны тиімді.

Комиссия осыған байланысты қолданыстағы ЕАЭО туралы шартқа қатаң сәйкес келетін 149-шешімге өзгеріс дайындады. Алайда практика жүзінде Одақтың бірде бір елінен түзету бойынша шоғырландырылған ұсыныс түскен жоқ.

ЕЭК Одақ елдеріне Комиссиямен өзара іс-қимыл үшін жауапты атқарушы органдар деңгейінде бұл мәселені 2021 жылғы 1 сәуірге дейін игеріп шығуды, өз позицияларын білдіруді — бар болған жағдайда Шартқа өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беруді, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік-фитосанитариялық шараларға қатысты тиянақтама беруді ұсынады, осыдан кейін құжат биылғы екінші тоқсанда ЕЭК Алқасының қарауына шығарылатын болады.

 

ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Олег Панкратов өз сөзінде биылғы 17 ақпанда             Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап байқау үшін навигациялық пломбыларды қолдану туралы келісім жобасын мемлекетішілік келісуді аяқтағанын атап өтті. Бұл ретте Армения Республикасынан хабарлама түскен жоқ.

Ол құжатқа 2021 жылғы екінші тоқсанда қол қою туралы тараптармен уағдаластықтарды ескере келіп, Армения Республикасына келісім жобасын МІК тездету, ал тараптарға — түскен ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып құжатты пысықтау ұсынылғанын атап өтті. Жоғары деңгейдегі кеңес биылғы 17 наурызға жоспарланған, оның барысында проблемалық мәселелер талқыланатын болады. ЕЭК Алқасы Төрағасының сөзінше, тауарларды өткізу мәселесін бұл құжатсыз шешу күрделі.

Ресей ФКҚ өкілдері Ресей Федерациясы аумағында сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау енгізу практикасы туралы айта келіп, ЕАЭО шеңберіндегі тауарлардың ағылу проблемасын атап өтті. Жағдаятты түзеу жөніндегі жұмысты ЕЭК-тің сауда және кедендік ынтымақтастық блогы жалғастырады.

Жоғары деңгейдегі жедел комитетте қара және түсті металдар сынығы жеткізілімдері мәселесі де талқыланды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің биылғы 5 ақпандағы отырысында үкімет басшылары ЕАЭО елдерінің үкіметтері мен Комиссияға 2021 жылғы 30 сәуірге дейін келісілген шаралар жоспарын әзірлеуді тапсыру мүмкіндігін талқылады. Осы уақытқа дейін Комиссия елдермен бірлесіп жағдаятты жетілдіру, Одақтың металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуді арттыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

Комиссия ЕАЭО-да тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз етуге және келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жоюға бағытталған іс-шаралар тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты да жалғастырады.