Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің Қазынашылығы 2019 жылы Одақ мемлекеттерінің бюджеттері арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібін тұтастай алғанда сақтады

ЕАЭО елдерінің Қазынашылығы 2019 жылы Одақ мемлекеттерінің бюджеттері арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібін тұтастай алғанда сақтады

20.02.2021

19 ақпанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік қаржылық бақылауының жоғары органдары 2019 жылғы кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызуды және бөлуді тексеру қорытындыларын талқылау бойынша бірлескен отырыс өткізді. Іс-шара Беларусь Республикасы Мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Василий Герасимовтің төрағалығымен бейнеконференция форматында өтті.

 

Отырыста 2019 жылы мүше мемлекеттердегі кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызудың және бөлудің қолданыстағы тәртібін қолдануды тексеру қорытындылары ұсынылды, Одақ елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының жұмысын жетілдіру жөнінде, табылған қателер мен жекелеген кемшіліктерді түзету жөнінде ұсынымдар берілді.

 

Қаржылық бақылаудың жоғары органдары 2019 жылы мүше мемлекеттердің Қазынашылығы Одақ елдерінің бюджеттері арасындағы кедендік әкелу баждарын бөлу тәртібін тұтастай алғанда қамтамасыз етті деп тиянақтады.

 

ЕЭК атынан отырысқа Қаржы саясаты департаментінің директоры Арман Хачатрян қатысты. Комиссия өкілі ЕАЭО елдері бюджеттерінің кірістері үшін кедендік әкелу баждарының маңыздылығын атап өтті, қаржылық бақылаудың жоғары органдарының есебінде атап өтілген жекелеген проблемалық мәселелерге тоқталды. Ол «болып өткен талқылау Одақтың тиімді жұмыс істеуін арттыру мақсатында жүргізілген аудит сапасын жетілдіруге мүмкіндік беретініне» сенім білдірді.

 

Анықтама

 

Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 53-тармағына сай мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органдары бірлескен бақылау іс-шаралары шеңберінде жыл сайын мүше мемлекеттердегі кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу тәртібінің сақталуын тексереді.

 

ЕАЭО елдерінде мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органдары: Армения Республикасының Аудиторлық палатасы, Беларусь Республикасының Мемлекеттік бақылау комитеті, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қырғыз Республикасының Есеп палатасы, Ресей Федерациясының Есеп палатасы болып табылады.​