Жүйеге кіру
ЕАЭО перспективаларын талқылауға жас мамандарды белсендірек тарту - Еуразиялық интеграцияның ойдағыдай болашағының кепілі

ЕАЭО перспективаларын талқылауға жас мамандарды белсендірек тарту - Еуразиялық интеграцияның ойдағыдай болашағының кепілі

20.02.2020
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Сергей Шухно Ресей мемлекеттік гуманитарлық ғылымдар академиялық университеті жанындағы Интеграция перспективаларын зерделеу орталығының жәрдемімен іске асырылатын «Одақтық пікірталас лигасы» жастар жобасының қатысушыларымен кездесуі барысында мәлімдеді. Кездесу 2020 жылғы 18 ақпанда ЕЭК штаб-пәтерінде өтті.

ЕЭК департаментінің директоры қоғамдық дипломатия және халықаралық қатынастар саласындағы жас кәсіби мамандардың назарын ЕЭК-тің адамдарға арналған интеграцияның әлеуетін ашуды, олардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруды қамтитын қазіргі күн тәртібіне аударды. Одақтың негізгі құжаттары - ЕАЭО туралы шарт пен 2018 жылғы 6 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграциялық процестерді одан әрі дамыту туралы декларация осы міндеттерге қол жеткізуге бағытталған. Бұл міндеттер қазір Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын әзірлеу кезінде сарапшылардың басты назарында тұр.

«Интеграцияның әсерін бизнес ғана емес, сонымен қатар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары да сезінуге тиіс. Бүгіннің өзінде біз азаматтардан сапалы білім алуға және медициналық қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне, сондай-ақ Одақ бойынша еркін саяхат жасауға деген сұраныс алудамыз. Бұл әбден қисынды және белсенді дамып отырған Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы халықтың өсіп келе жатқан жинақтылығымен байланысты. Комиссия мен ЕАЭО мемлекеттері осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту жұмыстарын жалғастыруда»,- деді Сергей Шухно.

ЕЭК өкілі «Одақтық пікірталас лигасы» сияқты жастарға арналған білім беру жобалары өте-мөте маңызды екенін, өйткені ол Одақтың білім беру кеңістігін азаматтар мен бизнес үшін көбірек мүмкіндіктер ашатын Еуразиялық экономикалық интеграцияның замани жай-күйі мен даму перспективалары туралы толық әрі объективті ақпаратпен толтыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Анықтама

«Одақтық пікірталас лигасы» жастар жобасын Интеграция перспективаларын зерделеу орталығы жүргізеді әрі мекемелер, қоғамдық институттар және ақпарат агенттіктері өкілдерімен кездесулер сериясын қамтиды. Интеграция перспективаларын зерделеу орталығы Ресей мемлекеттік гуманитарлық ғылымдар академиялық университетінің қамқорлығымен жұмыс істейді және желілік құрылымда түзілген.

 ​