Жүйеге кіру
ЕЭК Одақтағы акваөсіру саласын дамытуды жоспарлауда

ЕЭК Одақтағы акваөсіру саласын дамытуды жоспарлауда

20.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдеріне балық өсіру ұйымдарының өндірістік әлеуетін дамытуға, азық, дәрі-дәрмек, балық отырғызу материалдарын өндіру көлемін кеңейтуге, акваөсіру өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кезінде инновациялық технологияларды қолдануға жәрдемдеседі. Осы және бірқатар басқа да мәселелер 19 ақпанда ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалянның төрағалығымен өткен Агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі консультативтік комитеттің отырысында талқыланды.

Консультативтік комитет Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің акваөсіру нарығына шолуды, сондай-ақ олардың осы саладағы ынтымақтастығын дамыту жөніндегі іс-шараларды мақұлдады. Сөз табиғи және жасанды суайдындарында, сондай-ақ арнайы құрылған теңіз плантацияларында балықтарды, шаян тәрізділерді, моллюскаларды, балдырларды өсіру және жетілдіріп өсіру туралы болып отыр.

Отырыста теңізде балық аулау ресурстары әлемде шектеулі екендігі, ал балық пен теңіз өнімдеріне деген сұраныс үнемі артып келе жатқандығы атап өтілді. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы – ФАО-ның деректері бойынша акваөсіру өнімдерінің үлесі жыл сайынғы дүниежүзілік азық-түлік өнімдерінің өндірісі көлемінің шамамен жартысын құрайды.

Одақ мемлекеттерінде 2018 жылы 234 мың тонна балық өндірілді. Бұл ретте Одақ нарығындағы акваөсіру тауарларының үлесі 5%-ға жуық қана, үшінші елдерден шамамен үш есе көп - барлығы 2,2 млрд долларға импортталды. Сонымен қатар, су биологиялық ресурстарының бар болуы және басқа да мүмкіндіктер ЕАЭО мемлекеттеріне шетелдік жеткізілімдердің едәуір бөлігін алмастыра отырып, акваөсіру өнімдерінің өндірісін айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты мүше мемлекеттер саланың жалпы проблемаларын шешу үшін өзара іс-қимылды тереңдетуді көздеп отыр.​

​​