Жүйеге кіру
Қалдықтарды қайта өңдеу проблемасын ЕАЭО мемлекеттерінің зауыттары арасындағы өнеркәсіптік кооперация арқылы шешу қажет

Қалдықтарды қайта өңдеу проблемасын ЕАЭО мемлекеттерінің зауыттары арасындағы өнеркәсіптік кооперация арқылы шешу қажет

20.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия өнеркәсіптік кооперация шеңберінде өзара іс-қимыл жасау процесінде қатты коммуналдық қалдықтарды (ҚКҚ) қайта өңдеу бойынша ЕАЭО елдерінің жетекші компанияларын қолдауға дайын. Бұл туралы Комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Дина Ақпанбаева «Мәскеу» технополисі» айрықша экономикалық аймағы аумағындағы электрондық және электр техникалық жабдықтардың қалдықтарынан корпустық пластиктерді қайта өңдеу жөніндегі жоғары технологиялық ресейлік кәсіпорын - «Экопласт» зауытына барған кезінде мәлімдеді.

«ҚКҚ-ның қарқынды өсіп келе жатқан көлемінің проблемасын тиімді шешуге бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен ірі өңдеуші компаниялардың тығыз кооперациясында ғана қол жеткізуге болады. Соның ішінде халықаралық кооперация арқылы. Біз қалдықтармен тиімді жұмыс істеу және тұйық циклдің экономикалық модельдерін құру үшін Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің зауыттары мен «Экополис» корпорациясы арасында өнеркәсіптік кооперация құру жөніндегі алдағы диалогқа дайынбыз»,- деп атап көрсетті Дина Ақпанбаева.

ЕЭК делегациясының мүшелері қоршаған ортаға кері әсері болмайтын өндірістік процеспен және бірегей табиғат қорғау технологияларымен танысты. ЕАЭО-да электрондық және электр техникалық жабдықтардың қалдықтарын қайта өңдеу нарығының жай-күйі, қалдықтарды қайта өңдеуді ынталандырудың әлемдік тәжірибесін инкорпорациялаудың ықтимал жолдары, сондай-ақ электрондық қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату инфрақұрылымын құру перспективалары талқыланды.

Анықтама

«Экопласт» зауыты Ресейдегі «Экополис» корпорациясының басқаруындағы электрондық және электр техникалық жабдықтардың қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі жалғыз кәсіпорын кешенінің (ЭЭЖҚ) құрамына кіреді. Кешен шикізат тізбегімен біріктірілген және қайта өңдеудің толық циклін құрайтын үш кәсіпорыннан тұрады, соның нәтижесінде ЭЭЖҚ-ның компоненттік құрамының 95%-ына дейін қайталама шикізат ретінде шаруашылық айналымына қайтарылады. «Экопласт» зауыты – қайта өңдеу кешенінің маңызды бөлігі. Оның өнімі – ABS, PS, PP қайталама пластикалық түйіршігі, одан техниканың жаңа корпустары, автокомпоненттер мен құрылыс материалдары дайындалуы мүмкін.