Жүйеге кіру
Цифрлық көліктік технологияларды дамыту ЕАЭО цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарының бірі болады

Цифрлық көліктік технологияларды дамыту ЕАЭО цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарының бірі болады

IMG_0486-2.jpg
20.02.2019
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев 19 ақпанда Женевада БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Ішкі көлік жөніндегі комитетінің 81-сессиясында мәлімдеді.
Жоғары деңгейдегі сессияда Эмиль Кайкиев ортақ цифрлық күн тәртібі шеңберінде көлікті автоматтандыру мәселелерінің өзектілігіне және дер кезі екендігіне назар аударды әрі цифрлық пилоттық жобаларды ілгерілету жөнінде ЕЭК жүргізіп жатқан жұмыс туралы хабардар етті. Ол Комиссияда арнаулы жобалық офис құрылғанын атап өтті. Оның қоржынында қазірдің өзінде тоғыз, соның ішінде цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін дамыту бойынша жоба бар.
«Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) цифрлық күн тәртібі шеңберінде жылдам жүретін және жылдамдығы жоғары көлікті, интеллектілі көлік және навигация жүйелерін, тасымалдарды ұйымдастырудың цифрлық технологияларын, пилотсыз көлік құралдарын дамыту және көліктің пилотсыз қозғалысы аймағын құру жоспарлануда. Бұл жүкті жеткізу мерзімін тездетуге, жолдағы жүк массасын азайтуға, халықтың жұмылғыштығын және оны қызметпен қамту деңгейін арттыруға мүмкіндік береді,- деп атап өтті Эмиль Кайкиев.- Нәтижесі көлік шығындарын кеміту, еңбек өнімділігі мен азаматтардың өмір сапасын арттыру болады».
Министр Комиссияның көлік саясаты саласындағы таяудағы жоспарлары туралы да хабардар етті және ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру үшін институциялық негіздер құрылып та болғанын ерекше атап көрсетті.
Отырыстың қорытындысы бойынша «Көлікті автоматтандыру дәуірінде ынтымақтастықты, үндестіруді және интеграцияны нығайту» қарары қабылданды, оның басты бағыты БҰҰ ЕЭК елдерінің өзара тиімді ынтымақтастығы болып табылады.