Жүйеге кіру
ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутов Кеден одағының нормативтік актілерін дайындау жөнінде бірнеше жұмыс кездесулерін өткізді

ЕЭК Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутов Кеден одағының нормативтік актілерін дайындау жөнінде бірнеше жұмыс кездесулерін өткізді

20.02.2013

2013 жылдың 5 - 18 ақпаны аралығында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шаралар Департаментінің директоры Олег Арнаутовтың төрағалығымен Беларусь, Қазақстан мен Ресейдің уәкілетті органдарымен Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістігінің өсімдіктер карантині саласындағы нормативтік-құқықтық актілерін дайындау бойынша бірнеше жұмыс кездесулері өткізілді.

Келіссөздер барысында карантиндік фитосанитарлық бақылау ұйымдарының қызметтерін қамтамасыз етуге тиісті аталған саладағы құжаттардың дайындалуын жеделдету бойынша мәселелер талқыланды. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың жобасына жасалатын ұсыныстарға қатысты мәселелер қаралды. Фитосанитарлық қатерге жасалған талдаудың негізінде Кеден одағының Бірыңғай фитосанитарлық карантиндік талаптарын және де Кеден одағының Бірыңғай карантиндік нысандар тізбесін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажеттігі талқыланды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері ЕЭК «Фитосанитарлық шаралар» бағытындағы Жұмыс тобы мен Фитосанитарлық шаралар бойынша Ішкі комитеттің алдағы отырыстарында келісілген көзқарастар қалыптастыруға мүмкіндік береді.