Жүйеге кіру
Жекелеген тауар топтарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы

Жекелеген тауар топтарын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды енгізу туралы

19.11.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия ЕЭК Кеңесінің 2019 жылғы 18 қарашадағы №№ 127, 128, 129 және 130 шешімдеріне сәйкес ЕАЭО мемлекеттерінде иіс майлар мен иіс суларға; фотокамераларға (кинокамералардан басқа), фотожарқылдар мен жарқ еткізу шамдарына; шиналар мен доңғалаққаптарға; дайын болу шамасына қарай жеңіл өнеркәсіп тауарларына қатысты таңбалау енгізілуі мүмкін екендігіне назар аударады.

Сөйтіп, бір жыл бұрын тауарлардың төрт тобы бойынша төрт шешім қабылданды. Оларда іс жүзінде таңбалау ерте енгізіле алмайтын мерзім, ал содан кейін уақыттың кез келген сәтінде енгізілетін мерзім айқындалған.

Мәселен, таңбаланбаған өнімнің айналымына тыйым салу: иіс майлар мен иіс сулар, фотокамералар үшін — 2020 жылғы 1 қазаннан кейінгі кезеңде, шиналар мен доңғалаққаптар үшін — 2020 жылғы 1 желтоқсаннан кейін, былғарыдан жасалған киімдер, блузкалар, балалардың, ерлердің және әйелдердің сырт киімдері, төсек-орын жабдығы, асханалық киім-кешек, әжеттік-сәндік көйлек-көншектер мен асүйлік төсеніш-асжаулықтар үшін — 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілуі мүмкін.

Ресей Федерациясында қазірдің өзінде таңбаланбаған өнімнің айналымына тыйым салу мерзімдерін көрсете отырып, жоғарыда көрсетілген тауарларға таңбалау енгізу туралы шешім қабылданды.

Тауарларды Ресей аумағына жеткізу үшін таңбалау мақсатындағы таңбалау кодтарын ұлттық оператор арқылы, егер ол Одаққа мүше мемлекетте айқындалса және оның Ресей Федерациясының операторымен тиісті келісімі жасасылған болса, тапсырыс беруге және алуға болады не тікелей Ресей Федерациясындағы контрагенттен алуға болады.​