Жүйеге кіру
ЕАЭО-да кедендік инфрақұрылымға қатысты тәсілдемелер біріздендіріледі

ЕАЭО-да кедендік инфрақұрылымға қатысты тәсілдемелер біріздендіріледі

19.03.2021

Еуразиялық экономикалық одақ елдері кедендік инфрақұрылымды одан әрі дамыту механизмдерін талқылауда.

 

Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу орындарында орналасқан кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі типтік талаптарға қатысты мүше мемлекеттердің біріздендірілген тәсілдемесін тұжырымдау бойынша мәселелер қаралды.

 

Отырыс Комиссияның Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Бактыбек Байсеркеевтің төрағалығымен болып өтті.

 

Одақтың нормативтік-құқықтық базасын өткізу пункттерін жайластыру бөлігінде жетілдіру жөніндегі іс-шаралар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында қатталған.

 

Консультативтік комитет мүшелері кедендік инфрақұрылым элементтерін жайластыруға және техникалық жарақтандыруға қойылатын типтік талаптарды әзірлеу жөнінде сарапшылық топ құруды талқылады. Олар ЕЭК Алқасының теңіз өткізу пункттерінде алдын ала ақпаратты қалыптастыру, беру және пайдалану жөніндегі шешімінің Ресейде орындалу мониторингін өткізу жөнінде де пікір алмасты.​