Жүйеге кіру
ЕЭК Одақ елдерінің құрылыс-жол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кооперациясын қолдайды

ЕЭК Одақ елдерінің құрылыс-жол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудағы кооперациясын қолдайды

Фото-1.JPG
19.02.2021

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян 18-19 ақпанда жұмыс сапары барысында Санкт-Петербургтегі және Ленинград облысындағы «Коминвест-АКМТ» АҚ және «Петербург трактор зауыты» АҚ өндірістік алаңдарында болды.

 

ЕЭК министрі кәсіпорындар басшыларымен кездесті, олармен кооперациялық ынтымақтастықты және Комиссия алаңында құрылыс-жол және ауыл шаруашылығы машиналарын жасауда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің компанияларымен өзара іс-қимылды кеңейтуді талқылады.

 

Коминвест-АКМТ және Петербург трактор зауыты өздерінің өндірістік қуаттарын белсенді дамытып отырған және Еуразиялық экономикалық одақтың басқа мемлекеттерінің компанияларымен тығыз кооперацияға дайын кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы тракторлары, қатты және сұйық реагенттерді таратушылар, қар тазалағыштар, шұңқырларды жөндеуге арналған машиналар және аталған зауыттардың басқа да өнім түрлері Одақ шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге байсалды негіз бола алады. Мұндай жұмыстың мысалы ретінде ресейлік «ПТЗ» АҚ-пен қазақстандық «Қостанай трактор зауыты» ЖШС бірлескен жобасын айтуға болады.

 

ЕЭК бағалауы бойынша, ресурстарды ұтымды орналастыру, өнеркәсіптік кооперацияны дамытудан ықтимал артықшылықтарды пайдалану Одақтың барлық елі үшін пайдалы. Бұл бюджеттің және елдің агроөнеркәсіптік кешені үшін қажетті ауыл шаруашылығы техникасын шығару жөніндегі сала кәсіпорындарының шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ЕАЭО кәсіпорындарының үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығуын қамтамасыз етеді.

 

«Біз ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында кооперацияның сенімді дамуын көріп отырмыз және өнеркәсіптің басқа салаларында, мысалы, құрылыс-жол техникасы саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ұмтыламыз. «Коминвест-АКМТ» АҚ кәсіпорындар тобына кіретін «Томез» зауыты да Одақтағы жалпы өндірістік процестердің бірінің белсенді қатысушысы болады деп үміттенеміз», — деп түйіндеді Артак Камалян.

 

«Коминвест-АКМТ» АҚ және «Петербург трактор зауыты» АҚ басшылығымен кездесу шеңберінде осы салалардағы өнеркәсіптік кооперацияны одан әрі дамыту мақсатында Комиссия алаңында қаралатын ұсыныстар айтылды.

Анықтама

 

«Коминвест-АКМТ» АҚ өзінің «Томез» зауытында жол-шаруашылық саласы үшін бірқатар инновациялық жаңалықтар: қатты және сұйық реагенттерді бөліп таратқыштар, роторлы қар тазалағыштар, инфрақызыл қыздыру элементі бар шұңқырларды жөндеуге арналған машиналар әзірлеп, шығарады. «Петербург трактор зауыты» АҚ К-7М сериясындағы «Кировец» ауыл шаруашылығы тракторларының 8 моделін, «Кировец» өнеркәсіптік тракторлары негізінде дайындалған жол-құрылыс және арнайы машиналардың 17 түрін шығарады. Кәсіпорынның құрылымында бүкіл өндіріс циклін қамтамасыз ететін он негізгі цех бар.