Жүйеге кіру
ЕЭК пен Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады

ЕЭК пен Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі интеграцияны дамыту перспективаларын талқылады

19.08.2020

​Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарлары Максим Увайдовпен және Елена Фастовамен 18 тамыздағы жұмыс кездесуі барысында Еуразиялық экономикалық одақтың орнықты ортақ аграрлық нарығын қалыптастыру, бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру және саланы кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. 

«Жаңа коронавирустық инфекция кезеңіндегі жұмыс Одақ мемлекеттерінің ортақ аграрлық нарықты орнықты дамытуды қалыптастырудың және азық-түлікке деген қажеттілікті қамтамасыз ету кезінде жедел ден қою мен өзара іс-қимылдың үйлестірілген шараларын дер кезінде тұжырымдаудың қосымша шараларын қабылдауы қажеттігін көрсетті», – деп атап өтті Артак Камалян.

ЕЭК министрі Одақтың аграрлық нарығын орнықты дамытуға ықпал ететін кешенді құжат әзірлеп, іске асыруды, сондай-ақ тараптардың осы саладағы ынтымақтастығының перспективалы қадамдарын ашып көрсетуді ұсынды.

Елена Фастова бұл бастаманы қолдады және агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекетаралық құжаттарды одақтық елдердің әзірлеуі мен іске асыруын үйлестіру бойынша Комиссияға өкілеттіктер беру қажеттігін атап өтті.

Мүше мемлекеттердің Одақ деңгейінде аграрлық ғылымның және өзара пайдалы шарыттарда кадрлар даярлаудың мәселелері бойынша өзара іс-қимылын дамытудың маңыздылығы атап өтілді. Артак Камалянның сөзінше, «жаңа білімдердің тапшылығын жабу үшін аграрлық білім беру және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы ынтымақтастықтың қажеттігі бар».

Кездесуге қатысушылар оқыту процесінде бизнестің шынайы талап етуіне бағдарланған дағдыларды қалыптастырудың қажеттігімен келісті, АӨК саласындағы бірлескен зерттеулердің практикалық бағыттанушылығының маңыздылығын атап көрсетті.

Ресей тарапы Одақ елдерінің ниетін растайтын әрі бірлескен зерттеулер жүргізу шарыттарын айқындайтын келісімдер жасасу мүмкіндігін және аграрлық саладағы кадрлар даярлау, тәжірибе әрі білім алмасу жөніндегі іс-шараларды қолдады.

Бұдан басқа, кездесу барысында ЕАЭО-да органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің бірыңғай нарығын құру жөнінде халықаралық шарт әзірлеудің орындылығы атап өтілді. Бұл Одақтың барлық мемлекетінде осындай өнімнің өндірісі мен өткізілуін реттейтін нормативтік құқықтық базаны қалыптастырудың аяқталуына негізделіп отыр.

Халықаралық шарт мұндай өнімнің ішкі нарықтағы кідіріссіз айналысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ ЕАЭО елдері өндірісшілерінің үшінші елдердің нарықтарына қол жеткізу жөніндегі келіссөздерге бастамашылық жасауына көмектеседі.