Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының қорытындылары: ЕАЭО-да мұнайдың және мұнай өнімдерінің толассыз экспорты қамтамасыз етіледі, ойыншықтарға арналған техрегламентке стандарттар өзектілендірілді

ЕЭК Алқасының қорытындылары: ЕАЭО-да мұнайдың және мұнай өнімдерінің толассыз экспорты қамтамасыз етіледі, ойыншықтарға арналған техрегламентке стандарттар өзектілендірілді

19.12.2019

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы сауда, кедендік және техникалық реттеу, дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтары, энергетика, өнеркәсіп, ЕАЭО елдерінің экономикаларын цифрландыру салаларындағы мәселелерді қарады.

ЕЭК Алқасы тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, тәртіпке декларанттың уақытша мерзімдік кедендік декларациялау (УМД) кезінде декларация беру сәтінде тауарлар туралы дәлме дәл мәліметтері болмаған кезде тауарларға арналған декларацияны толтыру ерекшеліктеріне арналған жеке бөлім қосылған.

ЕАЭО Кеден кодексінде тіркеліп қойылған электрондық декларациялаудың басымдығы жағдайында УМД қолдана отырып тауарларды толық мәнінде электрондық декларациялауға бірқалыпты көшіру қарастырылған. Толық декларацияда жалпыға белгіленген тәртіпте дәлме дәл мәліметтерді кейіннен мәлімдей отырып, тауарларға арналған уақытша декларацияда жекелеген жинақталған (бағдарланған) мәліметтерді көрсету мүмкіндігі ұсынылған.

Уақытша мерзімдік кедендік декларациялау мұнай және мұнай өнімдерін экспорттау кезінде неғұрлым сұранысты. Шешім мұнай мен мұнай өнімдерінің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету мақсатында ресейлік ірі мұнай компанияларының өтініштерін ескере отырып дайындалды.

Одақтың «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне стандарттар тізбесі өзектілендірілді.

Стандарттар тізбесі жеті мемлекетаралық стандартпен (олардың екеуі ИСО халықаралық стандарттары негізінде, төртеуі - ЕN Еуропалық стандарттары негізінде әзірленген) және ойыншықтардан бөлінетін зиянды химиялық заттардың шоғырлануын анықтаудың аттестатталған әдістемелерімен толықтырылды. Соның ішінде тізбеге өнімнің жаңа түрлеріне: иіс сезуді дамыту бойынша үстел ойындарына және парфюмерлік-косметикалық өнімдерді дайындауға арналған жинақтарға мемлекетаралық стандарт енгізілген, ал ауыстырылатын стандарттар үшін - 2021 жылғы 1 сәуірге дейін өтпелі кезең көзделген.

ЕЭК Алқасы дәрілік препараттарға клиникалық зерттеулер жүргізу мақсатында тексерілмейтін дәрілік препараттарды таңдау жөніндегі нұсқаманы бекітті.

Құжатта тексерілмейтін дәрілік препараттар ретінде айқындалуы мүмкін дәрілер тобы белгіленген, оларды таңдау критерийлері, клиникалық зерттеулер тағайындауға арналған дерекнама құрамында осындай дәрілік препараттардың қауіпсіздігі мен сапасы жөніндегі бөлімдерді қалыптастыру, сондай-ақ тексерілмейтін дәрілік препараттарды қолдануға жағымсыз реакциялар туралы хабарлау тәртібі келтіріледі. Одақ елдеріне осы нұсқаманы қолдануға ұсыным жасалды.​