Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және Таиландтың Премьер-министрі Чан-Оча Прают Корольдік пен ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы өскенін атап өтті

ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және Таиландтың Премьер-министрі Чан-Оча Прают Корольдік пен ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы өскенін атап өтті

IMG_7807 (1).jpg
19.11.2018

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян және Таиланд Корольдігінің Премьер-министрі Чан-Оча Прают 19 қарашада Бангкокте ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Бұл кездесу ЕЭК пен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға жол ашты.
«Соңғы жылдары ЕАЭО мен Таиланд арасындағы тауар айналымының айтарлықтай өсуін байқап отырмыз. 2017 жыл ішінде ол 26% артты, ал 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары ішінде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 29% жуық артты. Ынтымақтастық туралы меморандум жасасу тауарлар мен қызметтер көрсету саудасының дамуына қосымша серпіліс беретініне және тұтастай алғанда өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету әлеуетін ашуға көмектесетініне сенімдімін», - деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.
ЕЭК Алқасы Төрағасының сөзінше, Таиландпен, сол сияқты АСЕАН-мен қол қойылған меморандумдар бизнес-форумдар, кездесулер, жұмыс топтарын ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттер мен іскер қоғамдастықтар тап болып отырған тосқауылдарды талқылау үшін де жақсы базис жасайды. Бұл тосқауылдарды анықтау – оларды жоюдың және қолайлы инвестициялық климат орнатудың маңызды қадамы.
Өз кезегінде Таиландтың Премьер-министрі ЕАЭО мен АСЕАН арасындағы ынтымақтастық бірлестіктер деңгейінде де, сол сияқты елдер арасында да тез даму үстінде деп мәлімдеді. «Әлемдік саудада бүгінгі таңда байқалып отырған шиеленісті жағдайларда сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету жолымен жүрген маңызды», - деп санайды Чан-Оча Прают. Таиланд Үкіметінің басшысы меморандум Корольдік пен Одақ мемлекеттері арасында еркін сауда аймағы (ЕСА) туралы, сондай-ақ белгілі бір кезеңде – АСЕАН мен ЕАЭО елдері арасындағы ЕСА туралы келісім перспективаларын одан әрі талқылау үшін негіз қалайтынына үмітті екенін білдірді.
Оның пікірінше, ЕЭК пен АСЕАН арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумды жасасу қауымдастыққа мүше мемлекеттердің лидерлерінің және Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен болып өткені маңызды оқиға болып табылады. Сонымен бірге, Таиланд Премьер-министрі ЕЭК пен Таиланд жасасып отырған меморандум Корольдік пен ЕАЭО мүше мемлекеттері үшін өзара іс-қимылға тағы бір трек ашатынын, бұл диалогтың тиімділігін күшейтетінін атап өтті. Чан-Оча Прают сондай-ақ Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен соңғы кездесуі кезінде Таиланд пен ЕАЭО елдері арасындағы қатынастарды тереңдету мәселесін талқылағанын, ол Таиланд пен Одақ елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытудың маңыздылығына зейін аударғанын хабарлады.
Ол туристерағынының мүше мемлекеттерден Таиландқа ғана емес, сонымен бірге кері бағытта да арта түскенін, бұл тараптар арасында көбірек сенім білдірілетін қатынастар орнату үшін маңызды екенін атап өтті.
«Таиланд он индустриалдық: бес дәстүрлі және бес инновациялық сала шоғырландырылатын Шығыс экономикалық дәлізін құруды белсенді түрде дамытуда. ЕАЭО мемлекеттері дәлізді қалыптастыруға қатысатын болады деген үміттеміз, бұл сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін және бір ынталандырма болады», - деді Чан-Оча Прают.
Одақ салаларының интеграциялық әлеуетін іске асыру жағдайында ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары қатарына туристік, сондай-ақ өнеркәсіптік және инновациялық салалардағы өзара іс-қимыл кіруі мүмкін.
Кездесу аяқталғаннан кейін Тигран Саркисян және Чан-Оча Прают ЕЭК пен Таиланд арасындағы Меморандум жасасуға қатысты. Құжатқа ЕЭК Макроэкономика және интеграция жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая мен Таиландтың Сауда министрі Сонтират Сонтихиравонг қол қойды.