Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің банк кепілдіктерін өзара тануы туралы келісім жобасын дайындауда

ЕЭК ЕАЭО мемлекеттерінің банк кепілдіктерін өзара тануы туралы келісім жобасын дайындауда

19.08.2019

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісім жобасы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін дайындалатын болады. ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұл жұмыс Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогына тапсырылды.

Құжат мемлекеттік сатып алу саласында ұлттық режімді іске асырған кезде Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттерінің бизнесі үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ЕЭК Кеңесі РФ Үкіметіне қайырылып, Келісім жобасын дайындау уақытында Еуразиялық даму банкі мен Мемлекетаралық банк ресейлік рейтинг агенттіктерінің кредиттік рейтингін алғаннан кейін олардың банк кепілдіктерін пайдалануды көздейтін заңнамаға өзгеріс енгізу туралы өтініш жасады.

Бұл Ресейде өткізілетін сатып алуға одақтық мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысу құқықтарын шектеуге жол бермеуге мүмкіндік жасайды.

ЕАЭО туралы шартта Одақ елдерінің заңнамасында мемлекеттік сатып алуға қатысу өтінімдерін қамтамасыз етудің кемінде екі тәсілі бар болуы көзделгені мәлім. Оның біреуі - банк кепілдігі болып табылады. Алайда қазір Ресейде «бестіктің» басқа мемлекеттерінің банктері берген банк кепілдіктерін қабылдауға заңнамалық деңгейде шектеу белгіленген.

РФ заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін банк кепілдіктерін беру құқығы ұсынылған банктер Ресей Қаржымині қалыптастыратын арнаулы тізбеге енгізілуге тиіс және олардың рейтинг агенттіктері берген тиісті рейтингі болуға тиіс.