Жүйеге кіру
Ваагн Казарян ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры болып тағайындалды

Ваагн Казарян ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры болып тағайындалды

IMG_6583.jpg
19.06.2020

Ваагн Рудольфович Казарян 1973 жылғы 11 ақпанда Мәскеуде туған. 1994 жылы Ереван мемлекеттік университетін «Радиофизика» мамандығы бойынша бітірген. 


Армения Республикасының Сауда және экономикалық даму министрлігінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді, 2000 жылдан бастап 2008 жылға дейінгі аралықта жетекші маманнан ДСҰ-мен жұмысты ұйымдастыру және Еуроодақпен ынтымақтастық туралы келісімді жүзеге асыру басқармасының бастығына дейінгі жолдан өтті.


Сондай-ақ халықаралық ұйымдарда консультант, сарапшы болды, «Армения Республикасы Қаржы министрлігінің оқу орталығы» МКЕҰ-да кедендік пәндер бойынша оқытушылық қызмет атқарды.

 

2017 жылдан бастап ЕЭК-тің Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары лауазымында болды.​