Жүйеге кіру
Вадим Закревский ЕЭК-тің Энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды

Вадим Закревский ЕЭК-тің Энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды

19.03.2021

Вадим Александрович Закревский 1980 жылғы 4 қазанда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) туған.


2002
жылы «Қазіргі заманғы шет тілдер (ағылшын тілі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтын техниканы, технологияларды және экономиканы дамытудың жаңа бағыттары бойынша, 2003 жылы Белорус ұлттық техникалық университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша; 2014 жылы Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

 

Техника ғылымының кандидаты.

 

2003-2005 жылдары «Минскэнерго» РБК «Минск ЖЭО-3» филиалы жабдықтарды баптау және сынау цехының инженер-технологы, жабдықтар комплектациясы бөлімінің инженері болып істеді.

 

2005 жылдан 2012 жылға дейін «Минскэнерго» РБК жылу-механика жабдықтарын пайдалану қызметінің бастығы болды.

 

2012 жылғы қаңтардан бастап 2012 жылғы қарашаға дейін «Белэнерго» МӨБ электр станцияларын және жылу жүйелерін пайдалану басқармасының бастығы қызметін атқарды.

 

2012 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы наурызға дейін Беларусь Республикасы Энергетика министрінің орынбасары болып істеді.

 

2021 жылғы 18 наурызда ЕЭК-тің Энергетика департаментінің директоры болып тағайындалды.

 

Наградалары:

 

Беларусь Республикасы Президентінің Алғысы (2015 жыл).

 

Беларусь Республикасы Премьер-министрінің Алғысы (2016 жыл).​