Жүйеге кіру
Андрей Авдеев ЕЭК-тің Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Андрей Авдеев ЕЭК-тің Құқықтық департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

IMG00771.JPG
19.03.2021

Андрей Дмитриевич Авдеев 1978 жылғы 21 шілдеде Минскіде (Беларусь Республикасы) туған.

 

2000 жылы Белорус мемлекеттік университетін, 2006 жылы Беларусь Республикасы Президенті жанындағы Басқару академиясын бітірген.

 

2000-2002 жылдары Минск қаласының шаруашылық сотының сот орындаушысы болып жұмыс істеді. 2002 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы қазанға дейін БР Жоғары Шаруашылық Соты жүйесінде істеді. 2008 жылғы қарашадан 2014 жылғы қаңтарға дейін Минск қалалық шаруашылық сотының судьясы болды.

 

2014 жылғы қаңтардан 2016 жылғы қазанға дейін — Беларусь Республикасы Әділет министрлігінің мәжбүрлеп атқару бас басқармасының бастығы.

 

2016 жылғы қазаннан бастап 2021 жылғы наурызға дейін Беларусь Республикасы Әділет министрінің орынбасары болды.

 

2021 жылғы 18 наурыздан бастап — Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаменті директорының орынбасары.​