Жүйеге кіру
ЕЭК пен ФАО ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады

ЕЭК пен ФАО ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады

19.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян мен ФАО Ресей Федерациясымен байланыс бөлімінің директоры Олег Кобяков Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) ынтымақтастықты дамытуды талқылады.

 

Артак Камалян ФАО сарапшыларын ЕЭК өткізетін жұмысқа, соның ішінде аграрлық нарықты мемлекеттік реттеу, сондай-ақ жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді қадағалап отыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша тартуға мүдделілік білдірді.

 

«ФАО-ның мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігін бағалау саласындағы халықаралық тәжірибесі, соның ішінде субсидия беру практикасы ЕЭК-ке Одақ елдері үшін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шараларын жетілдіру жөнінде ұсынымдар тұжырымдауға мүмкіндік береді», - деп мәлімдеді ЕЭК министрі.

 

Олег Кобяков кездесуге қатысушыларды азық-түлік қауіпсіздігі мен тамақтану бойынша жыл сайынғы шолуларды қалыптастыру, сондай-ақ ФАО-ның Орнықты даму саласындағы мақсаттары туралы хабардар етті.

 

Кездесуге қатысушылар ЕЭК пен ФАО арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумның және Меморандумды іске асыру бойынша 2019-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы уағдаласты.​