Жүйеге кіру
2021–2023 жылдарға арналған көлік саясатын іске асыру жөніндегі «жол картасы» келісілді

2021–2023 жылдарға арналған көлік саясатын іске асыру жөніндегі «жол картасы» келісілді

Фото Кай-1.jpg
19.02.2021

Еуразиялық экономикалық одақ елдері көлік ведомстволары басшыларының орынбасарлары 2021–2023 жылдарға арналған көлік саясатын іске асыру жөніндегі «жол картасын» келісті. Бұл туралы олар Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиевтің төрағалығымен өткен отырыста мәлімдеді.

Министрлердің орынбасарлары халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын ырықтандыру, теміржол көлігі саласында конвенциялық тыйым салуды енгізу мен қолдану, сондай-ақ Одақ елдері арасында ұшуды жүзеге асыру кезінде авиакомпаниялар үшін тең жаңдайлар ұсыну мәселелерін қарады. Бұл мәселелердің бәрі салалық нарықтарды қалыптастыру және көлік саласында интеграциялық процестерді тереңдету үшін маңызды мәнге ие.

 

«Жол картасының» жобасына кірістірілген іс-шаралар Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың көлік пен инфрақұрылымға қатысты ережелерін дамытады, автомобиль, теміржол және су көлігін дамыту ерекшеліктерін ескереді, көлік саясатының міндеттері мен басымдықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді.

 

Құжат ЕАЭО елдері заңнамасын үндестіру, Одақта электрондық көлік құжаттарын ендіру, аралас және контейнерлік тасымалды дамыту, сондай-ақ Еуразиялық көлік дәліздерін, соның ішінде көлік-логистика орталықтарын кешенді дамыту жөніндегі жұмысты көздейді. «Жол картасы» жобасында көлік саласындағы интеграцияны салалық дамытудың басымдықтары айқындалған. Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралдары қозғалысын бақылау механизмін жетілдіру, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қажетті рәсімдерді қадамдастыру бағамдалған.

 

Су көлігі саласында кемелердің ішкі су жолдары бойынша өту тәртібін жетілдіруге назар аударылады. Теміржол саласындағы басты талқылау цифрлық технологияларды ендіру және үшінші елдерден тасымалдарды орындау кезінде алдын ала ақпарат алу проблемасын шешуге қатысты болды. ЕАЭО елдерінің азаматтық авиациясы саласында жолаушы және жүк тасымалдарын орындау кезінде қазіргі бар шектеулерді 2025 жылға дейін алып тастауға бағытталған жұмыс жалғастырылады.

 

«Жол картасының» жобасы 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бекітуіне енгізілетін болады.​